GetMaxX жəне GetMaxY функциялары экранның ағымда-ғы режимнің көлденең жəне тік максимальды координаталары жазылған Word типті мəнді қайтарады. Мысалы:
Uses Graph;
var
a,b: Integer;
begin
a:= Detect;
InitGraph(a, b,’’);
WnteLn(GetMaxX, GetMaxY:5);
ReadLn;
CloseGraph
end.
GetX жəне GetY функциялары экран курсорының ағымдағы көлденең жəне тік координаталары жазылған integer типті мəнді қайтарады. Координаталар терезенің сол жақ жоғарғы бұрышына байланысты анықталады. Егер мəлімет шығарылатын терезе орнатылмаса, онда координаталар экранның сол жақ жоғарғы бұрышынан бастап есептеледі.
SetViewPortпроцедурасы графикалық экранда төртбұрышты терезе орнатады. Процедура тақырыбы:
Procedure SetViewPort(XI,Y1,X2,Y2: Integer; ClipOn: Boolean); мұндағы X1... Y2 – терезенің сол жақ жоғарғы (X1, Y1) жəне оң жақ төменгі (X2, Y2) бұрыштарының координаталары; ClipOn
– экрандағы бейненің кішіреймейтін элементінің “қиылатын” бөлігін анықтайтын Boolean типті өрнек.
Терезе координатасы əр уақытта экранның сол жақ жоғарғы бұрышына байланысты анықталады. Егер ClipOn параметрінің мəні True болса, бейненің терезе шекарасына симайтын эле-менттері қиып тасталынады, кері жағдайда терезе шекарасы ескерілмейді. Бұл параметрді басқару үшін, модульде арнайы тұрақтыларды қолдануға болады: