263
Плазмида (ағ. plasmid) – бактерияларда хромосомадан бөлек кездесетін,
өздігінен
репликациялана алатын, кішігірім сақина тəрізді ДНҚ молекуласы.
Пролиферация (лат. proles – бұын, ұрпақ, fero – алып жүремін, ағ.
proliferation) – бастапқы бар жасушалардың көбеюі арқылы жасушалар мен
ұлпалардың жаңадан пайда болуы.
Протопласт (гр. protos – бірінші, алғашқы, plastos – жасалған, ағ. protoplast) -
өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе
механикалық əдістер арқылы қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Достарыңызбен бөлісу: