Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу



Pdf көрінісі
бет60/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   211
2. Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
Маңызды  биологиялық  белсенді  заттарға  алкалоидтар, терпеноидтар,
гликозидтер, полифенолдар, полисахаридтер, эфир майлары, ерекше пептидтер мен
ақуыздар, таза  бояғыш  заттар, стероидтар, дəм  татымдылық  заттар, дəрумендер,
ийлік заттар жатады.
Тірі  ағзада  зат  алмасу  үдерістері  ұдайы  жүріп  жатады. Сондай  реакциялар
кезінде  тұтынылған  қоректік  заттардан  жасушаның  құрам  бөліктері  түзіледі  жəне
керісінше, ыдырап та жатады. Ағзада бұл үдерістер үнемі  қатар өтеді. Тұтынылған


98
қоректік  заттардың  ыдырауы  нəтижесінде  энергия  бөлінеді  жəне  сонымен  бірге,
қоректік заттардың қалдықтары да пайда болады. Осындай ағзаға қажетсіз, көбінесе
улы өнімдер сыртқа шығарылады. Мұндай құбылыс зат алмасу немесе метаболизм
деп  аталатыны  белгілі. Метаболизм  тірі  ағзалардың  өлі  денелерден  негізгі
айырмашылығын  көрсетеді. Сондықтан, жалпы  алғанда, метаболизм  үдерісін
катаболизм (ыдырап  бөліну) жəне  анаболизмнен (синтезден) тұратын  тірі  ағзаның
басты ерекшеліктері деп атаса да болады. Осы катаболизм мен анаболизмді ағзадаға
ерекше заттар – ферменттер деп аталатын биологиялық катализаторлар реттейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет