Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 рДНК-технологиясы  арқылы  бактериальды, ашытқы  жəне



Pdf көрінісі
бет70/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   211
3.1 рДНК-технологиясы  арқылы  бактериальды, ашытқы  жəне
сүтқоректілер жасушаларында ақуыздар түзу əдістері
рДНҚ-технологиясы  арқылы  əртүрлі  өнімдерді  көп  мөлшерде  шығару
мүмкіндігі бойынша бактериалды жасушалар алдыңғы орындарда тұрады. Олардың
басты артықшылықтары – қоректік ортада өсіру оңайлау жəне жылдам көбейіп, тез
өсе  алады. Бірақ  та  бактериалды (прокариотты) жасушалардың  мүмкіншіліктері,
эукариотты жасушаларына қарағанда шектеулі болып келеді. Осындай прокариотты
жасушалары атқара алмайтын маңызды қабілеттер қатарына, қанттарды ақуыздарға
қосу (гликолизирование) жəне дисульфидті байланыс орнату жатады. Бұл үдерістер
қалыпты жағдайда адам ағзасындағы ақуыздардың атқаратын қызметтеріндей дұрыс
жүруі үшін қажет. Сондықтан, рДНҚ- технологиясы арқылы алынған кейбір өнімдер
бактериялардан  бөлініп  алынған  соң  да, қосымша  процессингті  қажет  етеді.


113
Мысалы, инсулин дисульфидті байланыспен жалғасқан екі үзіктен (цеп) тұрады. Бұл
қатарлар  прокариотты  жасушаларда  жекелей  синтезделіп, кейіннен  биологиялық
жүйеден сырт жерде қосылады.
Бактериялар  синтездей  алатын  адамдардың  басқа  да  ақуыздары  ішінде
кездесетін  аса  маңызды  проблемалар  қатарына, бактериалды  жүйелерде  олардың
дұрыс құрылмауы (фолдинг) жəне ерімейтін түрдегі агрегациялануы жатады. Жақын
кездерде  ғана  адамдар  ақуызының  дұрыс  түзілуін  қамтамасыз  ете  алады  делінетін
əртүрлі  бактериялардың  мутантты  штаммдары  алынған. Қазір  бактериалды
жасушалардың  орнына жиі-жиі  ашытқы  жасушалары  қолданыла бастады. Бірақ  та,
ашытқы  жасушалары  культураларын  қалыпты  дəрежеде  сақтап  тұру  қымбатқа
түседі  жəне  түзілген  ақуыз  олардың  цитоплазмасында  орналасуы  себепті,
ақуыздарды  қажетке  жарату  барысында  жасушаларда  түгелдей  пайдаланылып
кетеді. Сондықтан, ақуыздардың метаболизмі жөніндегі мəліметтерді неғұрлым көп
білген сайын, соғұрлым ақуыз секрециясын үдету бағытындағы əдістерді жетілдіру
мүмкіндіктері  артатыны  сөзсіз. Мысалы, амин  қышқылының  орналасу  кодын
басқаратын  ген  ендіру, оның  ақуызға  қосылуына  алып  келіп, ақуыздың  бөліну
үдерісін арттыруы мүмкін.
Бұл  мақсатта  сүтқоректілердің  жасушаларын  пайдалану  биохимиялық
жағынан  бактериалды  жасушаларда  кездесетін  кедергілерге  ұрындырмағанымен,
анағұрлым  қымбатқа  түседі. Əдетте  бұл  үшін  СНО-жасушаларын (Сhinese hamster
ovary – қытай  хомягының  аналық  жасушасы) немесе  ВНК-жасушаларын (Baby
hamster kidney- хомяк  баласының  бүйрегі) пайдаланады. Адам  жасушалары
адамдардың  аққуыздарын  өндірудің  жақсы  көзі  болар  еді, бірақ  олар  жасанды
қоректік  орта  жағдайында  өте  нашар  өсетін  болып  шықты. Сондықтан  ғалымдар
жасушалардың өмір сүру мүмкіндіктерін жоғарылату, яғни қажетті ақуыз шығымын
арттыру  мақсатында, адам  жасушаларын  генетикалық  модификациялау  əдістерін
іздестіруде.
Сонымен  бірге  жəндіктердің  жасушаларының  да  көп  мөлшерде  ақуыз
синтездейтіні  белгілі  болды. Олардың  жасушаларының  ерекшеліктері  енді  ғана
анықталуда. Ақуыз  шығымының  өте  көп  болуы  себепті, олар  ақуыз  синтезі
жүйесінің алғы прототипін құру мақсатында басым пайдаланылуы мүмкін.
Ақуыздар  жасаудағы  проблемалармен  бірге, дайындарын  пациентке  қолдану
барысында да қиындықтар кездеседі. Олар химиялық жəне термиялық жағдайларға
өте  сезімтал  келеді. Мысалы, ақуыздарды  ауыз  арқылы  пайдаланғанда, олар  ас
қорыту  мүшелерінде  протеолитикалық  ферменттер  əсерімен  ыдырап  кетеді.
Интактты  ақуыздар  болса, өкпе  немесе  ішектердің  шырышты  қабаттарынан  өте
алмайды. Сондықтан  ақуыздық  терапия  қан  тамырларына  тікелей  егу  арқылы
жүргізілуі қажет. Соңғы ізденістер ақуыздарды гликоль молекулаларымен біріктіру
жəне  ішке  қолдану  үшін  капсулдау  бағытында  жүргізілуде. Мұндай  ізденістер
нəтижелі болған жағдайда, дайын ақуыздардың бағасы да төмендей бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет