281
ғылыми,
әлеуметтік
және
мәдени
дамудың
соңғы
жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен кӛрініс табатын
ғылымилығы;
әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және
содан туындайтынын кӛрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан
тұратын бірізділік;
тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да
болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын
мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен кӛрініс
табуы;
жүйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын
біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және ӛзара
кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының
жүйесінде қарастыру.
мектеп білімін шыни практикада бекітудің әмбебап құралы
ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің
әсерін тексеру тәсілі ретінде ӛмірмен байланыстылық
принципі;
меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да
болмасын жүйелерінің оқушылардың дайындық деңгейіне және
жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал тым жеңіл
болса, онда білімде, танымдық процесстер де ӛте баяу,
мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.
оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын,
ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын
ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері
анықталатын түсініктілік принципі.
Білім мазмҧнын қалыптастырудың ҧстанымдары: бүкіл
элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына
сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының
бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты
формаларында
жалпыдан
жекелікке
қозғалысында
білім
мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық
бірлігі.
Білім беру теориясында 2 бағыт қалыптасты және солардың
негізінде оқу пәндерін таңдаудың ұстанымдары белгіленді:
1.
Формальдік білім беру теориясы бойынша білім алуға баса
назар аудармай, оқушыларда қабілетті, ойлауды, қиялды, есті
дамытуға күш салу керек болды. Бұл теорияның ӛкілдері пәндерді
282
екі топқа бӛлді: 1) тілдер, әсіресе ежелгі, әдебиет, математика, жаңа
тілдердің грамматикасы; 2) биология, география, физика, химия
және т.б.
Формальдық білім беру теориясына сәйкесті Ресейдің,
Германияның және т.б. елдердің классикалық гимназияларының
оқу жоспарлары құрылды.
2.
Материалдық білім беру теориясы /ХҮІІІғ.аяғы/ білім
мазмұнын
тандаудың
негізгі
критериясы
ретінде
оның
пайдалылығын, қоғамның ӛміріне қажеттігін қойды. Материалдық
білім беру теориясы реалдық училищелердің оқу жоспарын құруға
негіз болады. Оқу жоспарында математикаға, физикаға, химияға,
жаңа шетел тілдеріне, коммерциялық іске кӛп орын берілді.
Достарыңызбен бөлісу: