Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет160/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   203
3  топ  тапрсымасы  «Екі  жақты  кҥнделік».  Берілген 
плакаттың  ортасынан  сызып  оң  жағына  бүгінгі  тақырып  бойынша 
мәселені сол жағына шешу жолдарын жазу керек. 
 
Мәселе 
Шешу жолдары 
 
 
 
Ҥлестірмелі материал: 
4. Білім берудің  мемлекеттік стандарты базалық оқу жоспарын 
да  қамтылған,ол  оқу  жылдарына  қарай  мазмұндық  толтыру  және 
оның құрылымы туралы ұғым береді.  
Жалпы  білім  беретін  оқу  орындары  үшін  арнайы  нормативті 
құжаттар,  яғни,  оқужоспарлары,  оқу  бағдарламалары,  сонымен 
бірге оқулықтар және оқу құралдары жасалады. 
Жалпы  орта  білім  беру  тұжырымдамасына  сәйкес  мектептің 
оқу  жоспарын,  бағдарламаларын,  оқулықтарды  түпкілікті  жаңарту 
талап  етіледі.  Осыған  орай,  соңғы  жылдары,  яғни,  1993-1994  оқу 
жылынан  бастап  жалпы  білім  беретін  мектептің  оқу  жоспарына 
жаңа  пәндер  енгізілді.  Алдағы  уақытта  бастауыш  сыныптарға  да 
информатиканы енгізу жұмыстары жүргізілмекші.  
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  ӛтпелі  базистік  оқу 
жоспарында  толық  жүктеме  екі  деңгейге  бӛлінеді:  тұрақты  және 
жылжымалы.  
Тұрақты  жүктеме  құрамындағы  пәндер  жалпы  орта    білім 
беретін  мектептердің  барлық  типтерінде  /  бағдарлы  мектеп, 
гимназия, лицей, жеке мектеп т.с.с. / оқылады. 


 
286 
Жылжымалы  бӛлім  оқушылардың  дербес  қабілетін  дамытуға, 
бар  ынтасымен  қызығып  оқитын  пәндерді  жете  тереңдетіп  білуге 
мүмкіндік  жасайды.  Ол  таңдамалы  пәндер  мен  факультатив 
курстарынан құралады. 
 Жылжымалы  бӛлім  бойынша  таңдамалы  пәндерге  бӛлінген 
уақыт тереңдете оқылатын пәндерге беріледі. 
Жеке  пәнді  теориялық  және  практикалық  жағынан  тереңдете 
оқыуға  арналған  типтік  оқу  жоспарларының  бірнеше  түрлерін 
1993-1994  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  Білім 
министрлігі  жасаған.Сол  жоспарлардың  барлығын  мектептің 
ерекшелігін ескере отырып, тереңдете оқитын пәнді педагогикалық 
ұжым белгілейді де оқу жоспарын іске асыруды ұйымдастырады. 
Оқу  жоспары  –  бұл  мыналарды  анықтайтын  құжат:  оқу 
жылының ұзақтығын, каникулдердің және тоқсандардың мерзімін; 
мектепте  оқылатын  пәндердің  толық  тізімін;  оқу  жылына  қарай 
пәндерді бӛлу, әрбір сыныпта оқылатын пәндерге сағат санын болу; 
әрбір пәнді оқуға аптасына бӛлінген сағат санын. Оқу жоспарында 
қоғам  қабылдаған  тәрбие  мұраты,  белгіленген  мақсаттар,  білім 
мазмұнын  қалыптастырудың  тұжырымдамасы  кӛрініс  тапқан.  Оқу 
жоспарында  екі  компонент  бӛлінеді:  мемлекеттік  және  ӛңірлік. 
Базистік  оқу  жоспары  –  оқу  жоспарының  әр  түрлі  нұсқаларын 
жасауға мүмкіндік бере отырып, жалпы бағыт болатын жаңа типті 
құжат.  
Кӛптеген  елдерде  пәндердің  арасындағы  арақатынас  мынадай: 
гуманитарлық  блок  40-46%,  жаратылыстану  –  математикалық  30-
35%, жаратылыстану 7-11%, сауықтыру-еңбектік 16-20%. 
Оқу 
жоспарының 
негізінде 
пәндер 
бойынша 
оқу 
бағдарламалары  құрылады.  Оқу  бағдарламасына  енетіндер: 
түсініктеме  хат,  онда  пәнді  оқудың  мақсаттары,  білім  мен 
іскерлікке қойылатын талаптар, ұсынылатын оқытудың формалары 
мен  әдістері  т.б.;  оқылатын  жадығаттардың  тақырыптық  мазмұны; 
тақырыптарға  бӛлінген  сағаттар;  білім  мазмұнының  негізгі 
элементтерінің  тізімі;  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырудың 
нұсқаулары;  оқу  жабдықтарының  және  кӛрнекі  құралдарының 
тізімі; ұсынылатын әдебиет тізімі. 
Білім  беру  мазмұны  оқу  әдебиетінде  толық  ашылады.  Оған 
жататындар: мектеп оқулықтары, кӛмекші құрал, анықтамалықтар, 
қосымша  оқуға  арналған  кітаптар,  атластар,  карталар,  есептердің 


 
287 
және  жаттығулардың  жинақтары,  басылған  негіздегі  дәптерлер 
және т.б.  
5. Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар: 

 
оқулықтың  жадығаттары  қазіргі  ғылымның  деңгейіне  сай 
болуы керек; 

 
оқулықтың  мазмұны,  тараулардың  орналасуы  сол  пәннің 
бағдарламасына сай болу керек; 

 
оқулықтағы  материалдың  баяндалуы  логикалылығымен, 
қатарландыруымен ерекшеленеді; 

 
оқулыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі -  теория мен 
практиканың  байланысы  ұстанымын  үнемі  жүзеге  асырып  отыру 
болып табылады; 

 
еске 
сақтауға 
тиісті 
анықтамалар 
қорытындылар 
тұжырымдамалар т.б. оқулықта бӛлініп кӛрсетіледі; 

 
оқулықтар  жақсы  безендірілуге  тиісті,  ойластырылған  және 
мұқият таңдалған иллюстрациялармен қамтамасыз етілуге тиіс.  
Оқулыққа қойылатын гигиеналық талаптар: оқу жадығатының 
дұрыс мӛлшері, әріптерінің анықтығы, шрифтінің размерлері т.б. 
Қазіргі  жақсы  оқулықтар  ӛзінде  оқулықты  /ғылым  негіздерін 
жүйелі  баяндау/,  жұмыс  кітабы,  дәптер  /сұрақтар,  тапсырмалар/, 
оқу  жадығаттарының  жинағы,  /құжаттар,  әдеби  мәтіндер/  және 
анықтамалық  /терминологиялық  сӛздік,  таблицалар  т.б./  сияқты 
ӛзара тығыз байланысты элементтерді ұштастырады.  
Оқулықтың  оқу  құралынан  айырмашылығы  ол  бағдарламаға 
сәйкес жазылады, ал оқу құралы бағдарламадан тыс жадығаттарды 
қамтиды.  Оқу  құралдарына  оқулыққа  қойылатын  талаптарды  да 
қояды.  
Дәстүрлі  оқулықтармен  бірге  электрондық  оқу  жадығаттары 
пайдалана бастады: видеодискалар, видеокассеталар.  
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС 
3. Сӛзжҧмбақ 
Жаңа сабақты қорытындылау үшін жалпы топ студенттеріне 
сӛзжұмбақ құру тапсырылады. 
Бақылау сҧрақтары 
1. 
Білім және оның мазмұны туралы түсінік бер. 
2. 
Білім мазмұнының кӛздерін ата. 
3. 
Білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды кӛрсет. 
4. 
Оқу жоспары дегеніміз не? 


 
288 
5. 
Оқу бағдарламасы дегеніміз не? 
6. 
Оқулық дегеніміз не? 
7. 
Оқу құралы дегеніміз не? 
8. 
Оқулыққа қойылатын талаптарды ата. 
9. 
Оқу жоспары неше компоненттен тұрады? 
10. 
Оқу мазмұны неде және қалай кӛрініс табады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет