Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет189/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   203
Ҧжымға педагогикалық жетекшілік  
Ұжым  үнемі  ӛзгеріп  отырады,  себебі  оны  құрайтын  адамдар 
ауысады.  Бірақ  ұжымның  даму  процесі  кездейсоқ  емес,  оған 
педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, 
оның  даму  заңдылығын  қандай  мӛлшерде  зерттегеніне,  тәрбие 
жағдайының  қаншалықты  дұрыс  анықталғанына,  педагогтың  әсер 
ету тәсілдеріне байланысты. 
Мұндай  әсердің  маңызды  шарты  –  үздіксіз  болып  келетін  әрі 
ұжымға  әсер  ететін  тәрбиелік  шаралардың  бір  жүйеге  бірігуі.  Ал 
мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады: 
1)  Ұжымға  болатын  педагогикалық  әсерлерді  кешенді 
пайдалану; 
2)  Күнделікті  ӛмірде  ұжым  мүшелерінің  бір-біріне  үнемі  әрі 
жан-жақты кӛмегі; 
3)  Ұжым  ӛміріне  және  оның  жеке  мүшелеріне  жағымды  әсер 
ететін жағдайлар тудыру; 
4) Білім алушылардың ӛзін-ӛзі басқару ісін кеңейту; 
5) 
Ұжыммен 
жұмыс 
істейтін 
барлық 
ұйымдардың 
талпыныстарын біріктіру. 
Топ  ұжымын  басқарудың  педагогикалық  тәжірибесінде  келесі 
маңызды ережелерді сақтау керек: 
1.Педагогикалық 
жетекшілікті 
білім 
алушының 
ӛз 
қызығушылығына,  ынтасына,  тәуелсіздігіне  орайластыру,  дербес 
қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру; 
2.Ұжым  –  динамикалық  жүйе  болғандықтан,  ол  үнемі  ӛзгеріп, 
дамып, кемелденіп отырады. Сол үшін барлық оқытушылар қарым-
қатынас  пен  әсер  ету  жобілім  алушырын  жиі  ӛзгертіп  отыруы 
міндетті. 
3.Топ  кураторы  ұжым  тәрбиесінде  оқытушыларға,  студенттік 
ұйымдарға сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, 
жоғары жетістіктерді кӛздегені жӛн. 
Еңбек – тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, кӛрсету, қателігін 
анықтау  –  бұл  ондағы  тәсілдер.  Сӛз  (кең  түсініктегі)  –  тәрбие 
құралы,  бірақ  ескертулер,  сын  айту,  теңеу  –  бұлар  тәсілдерге 
жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа 
жету  тәсілдері  мен  құралдар  жүйесі  ретінде  анықталады,  ӛйткені 


 
337 
әдіс  құрылымында  тәсілдер  мен  құралдар  міндетті  түрде  бірге 
қарастырылады. 
Ӛзін-ӛзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін 
шешім  қабылдау  мен  оны  жүзеге  асыруда  білім  алушылардың  ӛз 
бетінділігін  дамытуға  негізделген  ұжымдық  іс-әрекетті  ерекше 
ұйымдастыру.  Ұжым  жетілген  сайын  ӛзін-ӛзі  басқару  да  жетіле 
түседі.  Жеке  тұлғаға  қатысты  ӛзін-ӛзі  басқару  тӛмендегідей 
қызметтерді орындайды: 
-  бейімделушілік  (ұжым  ішінде  жеке  тұлғаның  үйлесімді  ӛзара 
қарым-қатынасын қамтамасыз етеді); 
-  интегративтік  (ұжымдық  және  жеке  іс-әрекет  түрлерін 
үйлестіруге  мүмкіндік  береді;  нәтижелі  іс-әрекет  үшін  ата-аналар, 
білім алушылар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады); 
-  прогностикалық  (диагностика  және  рефлексия  негізінде 
ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі); 
-  басқарушылық  мәдениетті  меңгеру  (ӛзі  және  ұжым  үшін 
маңызды  шешімдерді  қабылдауда  ӛз  бетімен  таңдау  жасауды 
жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).  
Білім  алушылар  ұжымындағы  ӛзін-ӛзі  басқару  іс-әрекетті 
анықтаудан  басталады:  басқарушылық  құрылымды  жасауда, 
міндеттерді  бӛлуде.  Ұжымның  жалпы  жиналысы  (білім  алушылар 
комитеті,  кеңес,  штаб  т.б.)  ӛзін-ӛзі  басқару  органдарын  сайлайды 
және  олардың  міндеттерін  анықтайды.  Белгілі  бір  тапсырманы 
алғаннан кейін әрбір білім алушы ӛз міндеттерін және ол жұмысты 
орындау жолдарын білуі тиіс. ӛзін-ӛзі басқару білім алушылардың 
бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.  
И.П.Иванов  іс-әрекетті  ӛз  бетімен  ұйымдастыру  әдістемесін 
жасады:  құрылған  кеңестер  кӛмегімен  жұмыстарды  дайындау, 
инициативалық  топтың  жұмысы,  кӛсбасшылардың  ауысуы, 
микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. 
Бұл  әдістерді  кез-келген  білім  алушылар  ұжымында  қолдануға 
болады.  Педагог  ұжым  ішінде  ӛзін-ӛзі  басқаруды  дамытпайынша, 
онда  жеке  тұлғаны  дамыту  мүмкін  емес  екендігін  үнемі  есінде 
сақтауы тиіс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет