Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет56/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   203
Қайталау.  Оқу  материалын  тақырып,  бӛлімдер,  курс  бойынша 
жүйелеу,  жалпылау,  қайта  айту.  Мұнда  оқу  материалындағы 
күрделісі  негізгі  идеяларды  бӛліп  шығару  және  жаттығулар  мен 
тапсырмаларды таңдау болады.  
Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау. Сабақтың ӛтілу 
барысына,  білім  алушылардың  жұмысына  қысқаша  баға  беру, 
оқығанның басты идеясын еске салу.  
Ҥй  тапсырмасы.  Педагог  үй  тапсырмасын  хабарлайды, 
қысқаша  орындалу  жолын  түсіндіреді.  Үй  тапсырмасын  орындау 
туралы нұсқау анық, қысқа, бірізділікпен берілуі қажет.   
Оқу  міндетіне  және  мазмұнына  қарай  сабақтың  бӛліктерінің 
ара-қатынасы  ауысып  отырады.  Сабақтардың  әртүрлі  типтерінің 
құрылуында ерекшеліктер пайда болады.  
Жаңа  білімді  меңгеру  сабақтарының  қҧрылымы  мынадай 
элементтерден  тұрады:  сабақтың  басталуын  ұйымдастыру; 
сабақтың мақсаттары және міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлық 
жұмыс  (үй  тапсырмасын  тексеру,  бұрыннан  оқығанды  қайтадан 
айту, т.б.); түсіндіру; сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы. 
Басты  бӛлімі  –  түсіндіру,  бекіту  қосымша  роль  атқарады  және 
диагностикалық  мақсатты  жүзеге  асырады.  Педагог  білім 
алушылардың  жаңа  білімді  қалай  меңгергендігі  туралы  ақпарат 
алады.  
Бекіту 
сабағының 
қҧрылымы: 
сабақтың 
бастауын 
ұйымдастыру;  сабақтың  мақсатын  және  міндеттерін  қою;  бекіту; 


 
131 
қорытындылау және үй тапсырмасы. Сабақтың басында әрбір білім 
алушының  жұмысқа  даярлығын  тексеру  керек.  Мақсатты  қою 
барысында  педагог  негізгі  қағидалар  мен  ережелерді  еске  салады, 
себебі  олар  практикалық  оқу  іс-әрекетіне  негіз  болады.  Үй 
тапсырмасын  тексеруді  бекітумен  байланыстырған  дұрыс. 
Сабақтың негізгі бӛлімі – практикалық тапсырмалар, проблемалық 
жағдаяттар  мен  сұрақтарды  шешу,  жаттығуларды  орындау,  дербес 
жұмыстар.  Жаттығуларды  дұрыс  таңдау  үлкен  роль  атқарады, 
олардың  қиындығы  бағдарламаның,  стандарттың  талабына  сай 
болғаны абзал.  
Жалпылау  немесе  қайталау  сабағының  қҧрылымы:  сабақтың 
басталуын  ұйымдастыру;  сабақтың  мақсатын  және  міндетін  қою; 
оқу  материалын  жалпылау  және  жүйелеу;  сабақтың  қорытындысы 
және үйге тапсырма.  
Бұл  сабақтың  ерекшелігі  және  күрделілігі  мынада:  оқу 
материалының  шеңберін  дәл  анықтау,  негізгі  ұғымды,  ережені, 
идеяны,  шебер  бӛлу,  сәйкесті  жаттығуларды  таңдау.  Қайталауда 
сабақтың  тәрбиелеушілік  жағына  үлкен  мән  беріледі.  Мұнда  оқу 
материалы  кӛп  дәрежеде  қызықты  фактілермен,  оқиғалармен, 
сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі педагог аз 
түсіндіреді  де  кӛбіне  білім  алушылардың  танымдық  іс-әрекетін 
басқарады.  
Аралас 
сабақтың 
қҧрылымы
сабақтың 
басталуын 
ұйымдастыру;  үй  тапсырмасын  тексеру;  сабақтың  мақсатын  және 
міндеттерін  қою;  жаңа  материалды  түсіндіру,  бекіту,  қайталау, 
сабақты  қорытындылау  және  үй  тапсырмасын  беру.  Сабақтың  бұл 
типі  бүкіл  элементтердің  комбинациясын  құрайды.  Әрбір  бӛлімі 
басқалардың  арасында  тең  бағалы  мәні  бар.  Сабақтың  осы  типі 
бастауыш мектепте жиі қолданылады.  
Қадағалау  сабағының  қҧрылымы:  тексерудің  мақсатын 
түсіндіру және жұмысты ұйымдастырудың нұсқауын беру; бақылау 
тапсырмасының  мазмұнымен  және  оны  орындаудың  тәсілімен 
таныстыру;  білім  алушылардың  дербес  жұмысы;  сабақтың 
нәтижесін  бастапқы  қорытындылау.  Сабақтың  басы  нұсқаудан 
және  білім  алушылардың  жұмысқа  даярлығын  тексеруден 
басталады.  Бірден  бақылау  жұмысының  сипатын  айтып,  қандай 
білімдер,  қандай  тақырыптар  тексерілетіні  хабарланады.  Педагог 
білім  алушыларға  ойлау  іс-әрекетінің  жолдарын  кӛрсетеді: 
теориялық  талдауды  қалай  қолдануға  болатындығын,  теорияны 


 
132 
практикалық  жұмыспен  байланыстыруды,  ӛзін-ӛзі  қадағалаудың 
тәсілдері  т.б.  Әдетте  үй  тапсырмалары  берілмейді.  Бірақ  әдебиет 
тізімін, іздеушілік сипаттағы тапсырмаларды беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет