Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


ІV.  КОЛЛЕДЖДЕРДЕ,  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРНЫНДА



Pdf көрінісі
бет53/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   203
ІV.  КОЛЛЕДЖДЕРДЕ,  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРНЫНДА 
ПЕДАГОГИКАНЫ 
ОҚЫТУДЫҢ 
ФОРМАЛАРЫ 
МЕН 
ӘДІСТЕРІ 
 
1.  Қазіргі  оқытуды  ҧйымдастырудың  формалары,  олардың 
әртҥрлілігі мен дамуы 
Білім берудің теориясы мен практикасында кӛптеген формалар 
жинақталған. Форма (латын сӛзі «forma» – сыртқы бейнесі, сыртқы 
кӛрінісі  дегенді  береді)  –  бұл  белгілі  бір  мазмұнның  сыртқы 
бенеленуі.  Ежелгі  заманда  педагог  бір  білім  алушымен  жеке 
айналысқан, сондықтанда оқытуды жеке ұйымдастыру  –  ең ежелгі 
форма болып табылады.  
Қоғам қажеттіліктерінің ӛзгеруіне байланысты жекелей-топтық 
формасы  пайда  болды.  Жекелей-топтық  форманың  дамуының  
кӛрінісі ретінде сынып-сабақ жүйесі енгізілді. 
Дальтон-план  формасы  АҚШ-та  кең  таралып,  сабақтар 
кітапханада жекеше арнайы тапсырмалар арқылы жүргізілді.   
Сабақты  ұйымдастырудың  Бригадалық-зертханалық  әдісінде 
білім  алушылар  бирагадаларға  немесе  топтарға  бӛлініп,  педагог 
берген  тапсырмалармен  бірігіп  жұмыстанады.  Педагог  алдымен 
кіріспе  сабақ  ӛткізіп,  содан  соң  бригадалар  ӛз  бетімен 
жұмыстанады. 
Тапсырмаларды 
орындау 
барысында 
білім 
алушыларға кеңес алуға болады.  
Жобалау әдісі – білім алушылар педагогтің басқаруымен белгілі 
бір жоба тақырыбын таңдап, осы жобаның айналасында танымдық 
қызметті жүзеге асырады.  
Жоғарыда  келтірілген  әдістердің  барлығының  кемшіліктері  де 
бар, сондықтанда олар үнемі әрі қарай жетілдіріліп дамытылмады.  
Трамп жоспары – бұл оқытуды ұйымдастырудың үш формасын: 
жеке,  топтық  және  бұқаралықты  біріктіреді.  Бұл  форма  негізінен 
жеке мектептерде кең қолданылады.  
Кеңестік  мектептерінде  негізінен  сынып-сабақ  формасы  кең 
таралған болатын.  
Оқытуды  ҧйымдастырудың  формалары  –  белгілі  бір  тәртіпте 
және  мезгілде  жүзеге  асырылатын  оқытушы  мен  білім 
алушылардың  біолескен  іс-әрекетінің  сыртқы  кӛрінісі.  Олар 
әлеуметтік  тұрғыда  шартты,  дидактикалық  жүйелердің  дамуымен 
байланысты пайда болып жетілдіріліп отырылады.  


 
126 
Оқытудың  ұйымдастыру  формалары  әр  түрлі  ӛлшемдер 
бойынша жіктеледі:   
-  білім  алушылардың  санына  қарай:  бұқаралық,  ұжымдық, 
топтық, шағын топтық, жеке; 
-  оқу  орнына  қарай:  аудиторияда  және  аудиториядан  тыс 
формалар; 
-  колледждегі,  ЖОО-ғы  оқыту  формалары:  дәріс,  семинар, 
практикалық және зертханалық сабақтар, СОӚЖ, СӚЖ, т.б. жұмыс; 
-  оқыту  уақытының  ұзақтығына  қарай:  кредиттік  жүйеде  (50 
минут), сызықтық жүйеде қосарланған сабақ (80-90 минут), әр түрлі 
ұзақтықтағы сабақтар. 
Білім берудің даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде оқыту 
формасының  біреуі  басымдықта  қолданылды:  жекелік-топтық 
(орта 
ғасыр 
мектептерінде), 
ӛзара 
оқыту 
(Англиядағы 
белланкастер жүйесі), білім алушылардың қабілетіне қарай саралап 
оқыту (мангеймдік жүйе), бригадалық оқыту (совет мектебінің 20-
шы  жылдары),  американдық  «Трамп  жоспары»,  онда  уақыттың 
40%  -  үлкен  топтарда  (100-150  адам),  20%  -  кіші  топтарда,  және 
40% - жеке оқуға бӛлінді.  
Дүние  жүзінде  ең  кӛп  тараған  оқытудың  сынып-сабақ  жҥйесі 
болды.  Ол  ХVІІ  ғасырда  пайда  болып,  міне  үш  ғасырдан  астам 
уақыт  бойы  дамып  келеді.  Оның  сұлбасын  неміс  педагогы 
И.Штурм  (1537-1582жж.)  жасады  ал,  Я.А.Коменский  (1592-
1670жж.)  оның  теориялық  негізін  салып,  практикада  жүзеге 
асырды.  
Оқытудың сынып-сабақ формасының ерекшеліктері: шамамен 
бір  жастағы  және  даярлық  деңгейі  бірдей  білім  алушылардың 
тұрақты  құрамы;  әрбір  сынып  ӛзінің  жылдық  жоспарына  сәйкес 
жұмыс істейді (оқытуды жоспарлау); оқыту үрдісі жекеленген ӛзара 
байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бӛліктер (сабақтар) түрінде 
жүзеге  асырылады;  әрбір  сабақ  тек  бір  пәнге  арналады  (монизм); 
сабақтардың  тұрақты  түрде  ауысып  отыруы  (сабақ  кестесі); 
педагогтің  жетекші  ролі  (педагогикалық  басқару);  білім 
алушылардың  танымдық  іс-әрекетінде  әр  қилы  түрлерді  және 
формаларды қолданады (іс-әрекеттің вариативтілігі).  
Оқытуды  ұйымдастырудың  сынып-сабақ  жүйесінің  негізгі 
компоненті – сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мәндік, 
уақыттық  және  ұйымдастырушылық  қатынастағы  оқыту  үрдісінің 
кесіндісі (кезеңі, буыны, элементі).  


 
127 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет