23
потенциялының табиғи процесіне сүйенуді кӛздейді, оған сәйкес
жағдай туғызуды айтады.
Әдіснаманың материалистік диалектикасы тұрғысындағы
жоғары, философиялық деңгейінде
іс-әрекет тҧлғаның дамуының
негізі, құралы және шешуші шарты екендігі айқындалған. Бұл -
педагогикалық зерттеуде және практикада тұлғалықпен тығыз
байланыста әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың
қажеттілігін кӛрсетеді.. Әрекет - қоршаған шындықты адамдардың
ӛзгеріске келтіруі. Мұндай ӛзгертудің бастапқы формасы еңбек
болып саналады. Адамның материалдық және рухани әрекетінің
барлық түрі еңбектен ӛндіріледі. Оның басты
ерекшелігі - қоршаған
әлемді шығармашылықпен түрлендіруі. Табиғатты ӛзгерте отырып
адам ӛзін де ӛзгертеді, ол ӛз дамуының субъектісі ретінде кӛрінеді.
Адамзат болмысының маңызды жағы- деп кӛрсетті, Б.Ф.Ломов,
оның заттық әрекеті мен қарым-қатынасы (субъект-объектілік және
субъекті-субъектілік қатынас). Заттық әрекет әр уақытта белгілі бір
материалдық және рухани ӛнімді шығармашылықпен жасауға
бағытталан.
Әрекеттік тҧрғыдан келудің мәнін А.Н.Леонтьев ӛз
еңбектерінде дәлелді түрде кӛрсеткен. «Адамзаттық мәдениет
жетістіктерін иелену үшін –деп жазды ол-әрбір жаңа ұрпақ, осы
жетістіктердің артындағы тұрған бара-бар әрекетті жүзеге асыруы
керек. Сондықтан тәрбиеленушілерді ӛзбетіндік ӛмірге және
әржақты әрекетке даярлау үшін, оларды мүмкіндігінше осы
әрекеттерге тарту керек, яғни әлеуметтік және адамгершілік
жағынан толыққанды ӛмірлік әрекеттерді ұйымдастыру қажет».
Кез-келген әрекеттің ӛзінің психологиялық құрылымы: мотиві,
мақсаты, қиялылы, шарттары мен құралдары, нәтижесі болады.
Егер, педагог әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырғысы келіп,
оқушы әрекетін ұйымдастыруда қандай да бір құрылымдық
сәттерді шет қалдырса, онда ол (оқушы) бұл жағдайда әрекет
субъектісі бола алмайды, немесе оны жекелеген іс-қимыл кезінде
ғана орындайды
Оқушы білім мазмұнын ішкі қажеттілік болғанда және оны
меңгеруге деген белсенді-жағымды мотивация болған жағдайда
ғана меңгереді.
Әрекетте тұлғаның қалыптасатындығын және ӛзін кӛрсетете
алатындығын мойындаумен қатар, оның ӛз әрекетін қалыптастыру
бойынша арнайы жұмысын талап етеді. Бұл ӛз кезегінде оқытудағы
24
әрекетті мақсатты бағыттау және жоспарлауды, оны ұйымдастыру,
реттеу, бақылау, әрекет нәтижесін ӛзіндік талдау және бағалауды
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: