43
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуында үш негізгі іргелі
категория анықталады:
білім беру, оқыту, тәрбие.
Білім беру - оқыту мен тәрбиелеу процесінің нәтижесі. Білім
беру, ең алдымен,- әлеуметтік құбылыс - мемлекеттің, қоғамның,
тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі.
Білім беру дегенде біз танымдық білім мен тәжірибенің адамзат
жинақтаған тәжірибесі негізінде оқыту мен тәрбиенің ғылыми
жүйесін
және
мәдени
құндылықтарды,
шығармашылық
қабілеттерді, қағамдық ӛмірге, еңбекке дайындығын белгілейміз.
Білім беру ұғымына барлық әлеуметтік тәжірибенің элементі енеді.
Оқыту - сабақ беру мен оқудың екі жақты процессі.
Сабақ беру
– бұл танымдық процестердің қасиетін, біліктілігін, білімін беру.
Оқу - бұл оқушының ӛз іс-әрекеті арқылы тәжірибені қабылдауы ,
меңгеруі, қолдануы . Осыдан,
оқыту - бұл
оқытушы мен оқушының
ӛзара қарым-қатынасы арқылы білім, білік және тәжірибені
меңгеруі.
Оқыту – сабақ беру мен оқудың біріктірілген тұтас
органикалық категориясы. Оқыту нәтижесінде адам жүйелі ғылыми
білімді, фактіні, заңды меңгеріп, ӛз кӛзқарасы, ақыл-ойы
шығармашылық қабілеті қалыптасады.
Тәрбие жалпы категория ретінде тарихи және мәдени
тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі болып табылады. Тәрбие
– бұл қоғам талабына сай адам дамуын оның кӛзқарасын,
органикалық, ақыл-ой және құлықтық қасиетін тұлға ретінде
қалыптастыру. Тәрбие
– тарихи түсінік. Тәрбиеші алдына тұлғаны
табысты қалыптастыру міндетін қойған кезде мемлекет жүйелі
және бірізді тәрбиелеу жүйесін жетілдіріп отырады. Бұл қоғам
дамуының және ӛмір сүруінің негізгі құралы. Тәрбиеде даму
заңдылықтары, тәрбиенің басқа ғылымдармен әлеуметтік-
экономикалыпен, саясатпен және мәдениетпен байланыстары
кӛрсетілген.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде қоғам ӛмірінің ажырамас
бӛлігі ретінде бүкіл қоғамдық күштерді: жанұя, тәрбие және оқыту
мекемелері, бұқаралық ақпараттарды біріктіреді. Бұл мемлекеттің
әлеуметтік тапсырысы ретінде нақты мақсатты және міндетті
шешуге арналған идеал мен құндылықтарды анықтайды. Тәрбиенің
негізгі ӛлшеміне тұлғаның қасиеті мен сапасының сәйкестігі
жатады.
Қазақстандағы қазіргі демократиялық қоғам талабына сәйкес
тұлға дамуының түрлі қоғамдық қарым-қатынастарын жүзеге
44
асыруға нақты база қалыптастырылған. Сонымен, «білім беру -
оқыту- тәрбиелеу» диалектикалық жүйесі тұлғаның қабілеті мен
күшінің дамуына бағытталған. Тәрбиелеу, оқыту және білім
берудің бірігуінің бастауы педагогикалық процесс болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: