Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет88/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   203
Паритеттілік  принципін  де  сақтап  отыру  қажет.  Соңғы 
жылдары педагогикалық процесте білім алушылардың активтілігіне 
кӛп кӛңіл бӛлінуде, ӛзін басқара білуді дамытуда. Зейінімізді оқыту 
үрдісіндегі  ӛзара  әрекетті  ұйымдастыру  үшін  базистік  жағдайды 
жасауға  шоғырландыру  қажет.  Ол  білім  алушының  дайындық 
дәрежесі  болуы  мүмкін.  Дәл  осыдан  бірінші  кезекте  басқару 
байланысы  тәуелді  болып  келеді.  Бірақ  қайдағы  реалды  қатынас, 
егер дәстүрлі оқытудағы сияқты  оқытудың басты  мақсаты педагог 
пен  білім  алушының  кездесуінде  біріншісі  екіншісіне  тек  ақпарат 
беріп кететін болса? Басқаша айтқанда, педагог сабақ үстінде басқа 
функцияны  қолдану  керек  екенін  ұмытып,  кӛбінесе  ―  ақпараттық 
инъекция ‖ жасайды. 
Педагогикалық  процесс  білім  алушы  ӛзі  активті  болғанда,  ал 
оқытушы әрбір адамға индивидуалды негізде кеңесші-координатор 
қызметін  атқарғанда  тиімді  болады.  Бірақ  бұл  үшін  білім 
алушыларды  тиімді  оқыту  құралдарымен,  модуль  сияқты, 
қамтамасыз  ету  қажет.  Осы  ақпараттық  құралды  қолдана  отырып, 
білім  алушы  жаңа  материалды  ӛзі  игере  алады  және  әрбір 
педагогикалық  кездесуге,  яғни  сабаққа  проблемалық  сұрақтарды 
шешіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дайын келеді. 
Модульдік  оқытудағы  паритеттілік  принципі  мынадай 
педагогикалық проблемаларды сақтауды талап етеді: 
- модульдік бағдарлама білім алушының белгілі дәрежеге дейін 
білімді ӛзі игеруге мүмкіндік береді. 
-  педагогты  тек  ақпараттық  функцияны  орындаудан  босатады 
және кеңесші-координатор қызметін атқаруға жағдай туғызады. 
-  модульдік  оқыту  үрдісінде  оқытушы  кейбір  басқару 
функциясын  модульдік  бағдарламаға  береді,  онда  олар  ӛзін-ӛзі 
басқаруға трансформацияланады. 
Жоғарыда  айтылған  модульдік  оқытудың  принциптері  ӛзара 
байланысты.  Олар  (паритеттілік  принципінен  басқа)  оқытудың 
мазмұнының  құрылу  ерекшклігін  бейнелейді,  ал  паритетілік 


 
187 
принципі  педагог  пен  білім  алушының  жаңа  жағдайдағы  ӛзара 
әрекетімен сипатталады.  
Барлық айтылған принциптер жалпы дидактикаға жүгінеді және 
сонымен ӛзара байланысты. 
Модульдік  оқытудағы  оқыту  курсы  мазмҧнының  қҧрылымдық 
ерекшелігі 
Модульдерді  жасау  мақсаты  –  кәсіби,  педагогикалық  және 
дидактикалық  міндеттерге  сәйкес  курстың  мазмұнын  бӛлшектеу 
немесе курстың әрбір тақырыбын компоненттеу, оқытудың түрлері 
мен  формаларының  компоненттеріне  анықтама  беру,  уақытпен 
үйлестіру  және  бір  комплекске  интеграциялау.  Осы  тұрғыдан 
модуль оқу курсының ортақ тақырыпқа немесе кӛкейкесті ғылыми - 
техникалық проблемаларға бағытталған оқытудың әр қилы түрлері 
мен формаларының интеграциялануын кӛрсетеді. 
Модульдің  шеңбері  оны  құрардағы  теориялық  білімдер  мен 
дағдылардың жиынтығына, болашақ мамандарға қажет ұстанымдар 
мен  сол  класқа  тиісті  ғылыми  -  техникалық  тапсырмаларды 
орындауға қажетті практикалық әрекетке байланысты. 
Кӛбіне  семестрлік  курс  (  40  -  50  дәрістік  сағат  )  10-12  модуль 
курстың  бӛлімдеріне  ұқсастырып  бӛлінеді,  солар  арқылы 
коллоквиум  ӛткізеді.  Ең  жақсы  шетел  ЖОО-да  модульдік  бӛлу 
пәннің  түсініктік  ақпаратын  қатаң  түрде  жүйелі  талдау  негізінде 
жасалынады,  ол  негізгі  түсініктердің  топтамасын  жасауға, 
материалдарды  логикалық  және компактты топтастыруға, курстың 
ішінде және аралас пәндерде қайталаулардан аулақ болуға, курстың 
кӛлемін 30 пайыз немесе одан да жоғары азайтуға мүмкіндік береді. 
Модуль  –  ӛзіндік  құрылымдық  бірлік  және  кей  жағдайда 
студент толық курсқа қатыспай, тек кейбір модульге қатыса алады.  
Әрбір  модуль  оқыту  барысында  меңгерілуі  керек  іскерлік  пен 
дағды,  негізгі  түсініктер  тізбегін,  қажет  дидактикалық  және 
методологиялық  материалдармен  қамтамасыз  етеді.  Мұндай  тізім 
жазбаша  жұмыс  ретінде  немесе  компьютер  жүйесінде  орындауға 
болатын алдын - ала бақылау бағдарламасын жасауға негіз болады. 
Мұндай  бақылаудың  нәтижесінде  студент  баға  алмайды,  бірақ 
ӛзінің  білім  деңгейін  анықтауға  мүмкіндігі  бар,  қосымша 
ұсыныстар  алуға  мүмкіндік  береді.  Бір  курстың  ішінде  әрбір 
модульді  бітіргенде  болатын  бақылау  жұмысы  келесі  модульді 
тапсыруға ыңғайлы болып келеді. 


 
188 
Әрбір  модульге  анықтамалық  және  кӛрнекілік  материалдар 
жинақтарын  жасау  қажет  және  ол  стулентке  осы  оқытудан  бұрын 
берілу  керек.  Модуль  ұсынылатын  әдебиеттер  тізімімен 
толықтырылады.  Әрбір  студент  модульден  модульге  материалды 
толықтай  игергенде  ауысады,  аралық  бақылаудың  ӛту  этаптары 
жолдастарынан тәуелсіз болады. 
Модульге  енетін  ақпараттар  интеграцияланған  педагогикалық 
мақсатқа  жетуге  бағыттаалған  біртұтас  және  нақты  құрылымды 
қиын және терең спектрге ие. Оқыту тапсырмалары уақыт ӛте келе 
ӛзгеріп  тұрады,  ал  оқу  материалы  белгілі  уақытта  қайта 
қарастырылып  және  ғылым  мен  техниканың  үздіксіз  дамуымен 
байланысты  жаңартылып  отырылады,  модульдің  құрылымында 
әрқашандық базалық компонент пен варияциялық бӛлім салынады. 
Базалық  компонент  фундаменталдық  пән  түсініктерін  кӛрсетеді  - 
құбылыстар,  заңдар,  құрылымдық  жоспар,  және  т.  б.  немесе  ӛзара 
байланысты 
түсініктер 
топтамасы. 
Варитивтілік 
ақпарат 
мазмұнының  ӛзгеруі  мен  жаңартылуына  байланысты,  сонымен 
қатар  студенттің  мамандандырылған  бағытына  да  байланысты. 
Осыған  байланысты  практикада  білім  берудің  икемділік  және 
динамикалық принципі қалыптасты. 
Сонымен,  кешенді  модульді  қалыптастыруға  жүйелік  талдау 
және  пәннің  мазмұны  мен  құрылымын  терең  методологиялық 
ӛңдеулер  қажет,  сол  арқылы  студентке  жоғары  кӛлемде  білім, 
іскерлік, дағды берілу керек. 
Модульдік оқытудағы педагогикалық бақылауды ҧйымдастыру 
ерекшеліктері
Модульдік  оқытуда  білімді  бағалау  үшін  жаңа,  прогрессивті 
жүйе  қолданады,  оқу  кезінде  және  аралық  рейтинг  этаптарында 
үздіксіз  жиналып  отыратын  дәстүрлі  дискретті  -  сессиялық 
бақылаумен ауысады. Бұл бағалау жүйесі рейтингтік деп аталады. 
Рейтинг  адамның  қандай  да  бір  қасиетін  сандық  бағалау  деуге 
болады.  Осыған  орай,  студенттің  оқу  рейтингі  -  адамға 
педагогикалық  әсер  ету  қорытындысының  сандық  бағасы. 
Студенттің  рейтингі  дегенге  мынадай  түсінік  береміз:  рейтинг  – 
студенттің  белгілі  бір  уақыт  аралығында  белгілі  бір  формулаға 
байланысты саналған балының жалпы сомасы. 
Біздің  ӛмірімізде  рейтингтер  кӛп  қолданылады.  Оларды 
анықтау  әдістері  әр  түрлі,  бұл  әдістердің  қиындық  дәрежесі  де  әр 


 
189 
түрлі болып келеді. Модульдік оқытуда рейтингтік бағалау жүйесі 
мынадай. 
Жүйелі  рейтинг  кӛрсеткіші  студенттердің  бақылау  жұмысында 
кӛрсеткен  білімінің  бағасына  сәйкес  келеді.  Бұл  жағдайда 
модульдік  базалық  бағасы  алдын-ала  белгілі  болады.  Басқаша 
айтқанда,  студенттің  білімін  кӛрсететін  стандарттық  тіркеумен 
байланысты қиын формула арқылы кӛрсетуге болады. 
Бірінші  жағдайда  оқыту  үрдісінде  және  емтихандарда  модуль 
бойынша 
коэффеценттерді 
коррекциялау 
арқылы 
шыққан 
балдардың  сомасы  бойынша  пәннің  жалпы  рейтингі  шығады,  ал 
семестрдегі  барлық  пәндердің  рейтингі  сомалық  рейтингті 
құрайды, ол рейтинг -  рейтинг парағына жазылады. 
Екінші жағдайда студентің рейтингі (R ) мына формула арқылы 
есептелінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет