187
принципі педагог пен білім алушының жаңа жағдайдағы ӛзара
әрекетімен сипатталады.
Барлық айтылған принциптер жалпы дидактикаға жүгінеді және
сонымен ӛзара байланысты.
Модульдік оқытудағы оқыту курсы мазмҧнының қҧрылымдық
ерекшелігі
Модульдерді жасау мақсаты – кәсіби, педагогикалық және
дидактикалық міндеттерге сәйкес курстың мазмұнын бӛлшектеу
немесе курстың әрбір тақырыбын компоненттеу, оқытудың түрлері
мен формаларының компоненттеріне анықтама беру, уақытпен
үйлестіру және бір комплекске интеграциялау. Осы тұрғыдан
модуль оқу курсының ортақ тақырыпқа немесе кӛкейкесті ғылыми -
техникалық проблемаларға бағытталған оқытудың әр қилы түрлері
мен формаларының интеграциялануын кӛрсетеді.
Модульдің шеңбері оны құрардағы теориялық білімдер мен
дағдылардың жиынтығына, болашақ мамандарға қажет ұстанымдар
мен сол класқа тиісті ғылыми - техникалық тапсырмаларды
орындауға қажетті практикалық әрекетке байланысты.
Кӛбіне семестрлік курс ( 40 - 50 дәрістік сағат ) 10-12 модуль
курстың бӛлімдеріне ұқсастырып бӛлінеді, солар арқылы
коллоквиум ӛткізеді. Ең жақсы шетел ЖОО-да модульдік бӛлу
пәннің түсініктік ақпаратын қатаң түрде жүйелі талдау негізінде
жасалынады, ол негізгі түсініктердің топтамасын жасауға,
материалдарды логикалық және компактты топтастыруға, курстың
ішінде және аралас пәндерде қайталаулардан аулақ болуға, курстың
кӛлемін 30 пайыз немесе одан да жоғары азайтуға мүмкіндік береді.
Модуль – ӛзіндік құрылымдық бірлік және кей жағдайда
студент толық
курсқа қатыспай, тек кейбір модульге қатыса алады.
Әрбір модуль оқыту барысында меңгерілуі керек іскерлік пен
дағды, негізгі түсініктер тізбегін, қажет дидактикалық және
методологиялық материалдармен қамтамасыз етеді. Мұндай тізім
жазбаша жұмыс ретінде немесе компьютер жүйесінде орындауға
болатын алдын - ала бақылау бағдарламасын жасауға негіз болады.
Мұндай бақылаудың нәтижесінде студент баға алмайды, бірақ
ӛзінің білім деңгейін анықтауға мүмкіндігі бар, қосымша
ұсыныстар алуға мүмкіндік береді. Бір курстың ішінде әрбір
модульді бітіргенде болатын бақылау жұмысы келесі модульді
тапсыруға ыңғайлы болып келеді.
189
түрлі болып келеді. Модульдік оқытуда рейтингтік бағалау жүйесі
мынадай.
Жүйелі рейтинг кӛрсеткіші студенттердің бақылау жұмысында
кӛрсеткен білімінің бағасына сәйкес келеді. Бұл жағдайда
модульдік базалық бағасы алдын-ала белгілі болады. Басқаша
айтқанда, студенттің білімін кӛрсететін стандарттық тіркеумен
байланысты қиын формула арқылы кӛрсетуге болады.
Бірінші жағдайда оқыту үрдісінде және емтихандарда модуль
бойынша
коэффеценттерді
коррекциялау
арқылы
шыққан
балдардың сомасы бойынша пәннің жалпы рейтингі шығады, ал
семестрдегі барлық пәндердің рейтингі сомалық рейтингті
құрайды, ол рейтинг - рейтинг парағына жазылады.
Екінші жағдайда студентің рейтингі (R ) мына формула арқылы
есептелінеді:
Достарыңызбен бөлісу: