181
алушының ӛзбеттілік, ұжымшылдылық сияқты мінез сапаларын
дамытуға да мүмкіндік бар.
Әрине, оқыту үрдісіндегі педагогтің де орны ӛзгереді.
Педагогтің міндеті білім алушыларды оқуға мотивациялау, модуль
арқылы оқу-танымдық әрекетін басқару және үздіксіз кеңес беру.
Енді оқытудағы оның орны ӛзгереді: ол тақырыпты қалай
жеткізсем деп ойламайды, енді білім алушылардың әрекетін қалай
басқарсам,
бағыттасам
деп
ойлайды.
Модуль
арқылы
басқаратындықтан интегративті дидактикалық модуль құру
педагогтің міндеті болып табылады. Ол үшін педагог ӛз
тәжірибесін, білім, іскерлігін, технологияларды талдайды. Іс-
әрекеттің мақсатын, оқытудың түрі мен әдістерін, кездесуі мүмкін
қиындықтарды алдын-ала ұйымдастыруы керек.
Модульдік оқытуға кӛшу үшін нақты жағдайлар туғызу керек:
1. педагогтің мотивациясымен байланысты;
2. білім алушылардың оқу-танымдық әрекеттерді ӛз бетімен
орындауға
дайындығы;
3. мектептің материалдық мүмкіндігіне байланысты.
Модульдік технологияға кӛшу тәжірибесі бірден барлық топтың
кӛшпей, ондағы кіші топпен жұмыс істеуді кӛздейді. Бұл кӛлемін,
құрылымын, қиындық дәрежесін, білім алушылардың әрекеттенуін,
бақылау, ӛзін бақылау жүйесін кӛріп – бағалауға, осыған
байланысты түзетуге мүмкіндік береді.
2. Модульдік оқытудың принциптері.
Модульдік оқыту теориясы жалпы дидактикамен тығыз
байланысты арнайы принциптерге жүгінеді. Модульдік оқытудың
жалпы бағыты, оның мақсаты, мазмұны мен ұйымдастыру әдістері
мынадай
принциптерді анықтап отыр:
модульдік;
оқытудың негізгі элементтерін бӛліп кӛрсету;
динамикалылық;
білімнің әрекеттілігі мен оперативтілігі және олардың
жүйелілігі;
икемдігі;
саналы перспективасы;
әдістемелік кеңестің әр түрлілігі;
паритеттілік (П.А. Юцявичене).
Осыларды жеке қарастырайық.