248
жолымен топтардың үлкен санына репликациялануына тура
келеді. Бұның, əкімшілік етуде болмай қоймайтын көп қателіктер
жіберуге əкеліп соғатыны анық.
Əкімші ауқымды қауіпсіздік саясатын қалыптастырғаннан
кейін, басқару орталығы ауқымды қауіпсіздік саясатын интер-
претациялау негізінде жүзеге асырады, ал, егер бұл қажет бол-
са, əрбір қорғау құралы үшін жекелеген жергілікті қауіпсіздік
саясатына түзетулер жасайды жəне тиісті қорғау құралдарының
басқару модульдеріне қажетті баптауларды жүктейді.
Тұтастай алғанда, желілік құрылғының жергілікті қауіпсіз-
дік саясатына ақпараттарды қорғаудың талап етілетін қасиет-
терімен қандай да бір ақпараттық қызмет көрсетілерді қамтамасыз
ету үшін орындалатын аталған құрылғының рұқсат етілген қосы-
лыстары ережелерінің толық жиыны кіреді.
Желілерде ауқымды қауіпсіздік саясатын жүзеге асыратын
ережелер мен нақты құрылғыда жергілікті қауіпсіздік саясатын
жүзеге асыратын ережелер арасындағы айырмашылық мынада:
ауқымды қауіпсіздік саясаты топтарының ережелерінде қатынау
объектілері мен субъектілері желілер шектерінде кез келген
түрде бөлінген болуы мүмкін, ал жергілікті қауіпсіздік саясаты-
ның субъектілері мен объектілерін қоса алғандағы жергілікті
қауіпсіздік саясаты топтарының ережесі желілік құрылғылардың
бірінің кеңістіктері шектеріне ғана арналған жəне соған ғана қол
жетімді.
Достарыңызбен бөлісу: