Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет164/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

236
Үшінші кезеңде ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйесіне 
қойылған мəселелерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін 
ұйымдастыру шараларымен бірге тікелей техникалық құрал-
дарды таң дауға кірісу қажет.
Ең басты фактор – негізгі принципке сəйкес қауіпсіздік пен 
күрделілік арасында баланс орнату: жүйе күрделі болған сайын 
ол осал жəне жасауға қиын. Күрделі жүйелерді лайықты түрде 
көрсету қиын, ал əртүрлі дəлсіздік қауіпсіздік мəселелерінің туу-
ына əкеліп соғады.
Нақтылы өндірушінің нақтылы ақпаратты қорғау жүйесін 
(АҚЖ) ақтық таңдауда өнімге қойылатын базалық талаптардан 
басқа:
• осы АҚЖ жылдамдығы;
•  сəйкестік сертификатының болуы сияқты екі критерийге 
көңіл бөлу қажет.
АҚЖ жылдамдығы туралы талап көбінесе, желіаралық əре-
кеттесуді қорғау құралдарына қойылады, өйткені осы жерде, 
қағида бойынша, ақпаратты өңдеу жылдамдығына қатаң талап 
пайда болады. Ең алдымен, бұл ақпаратты криптографикалық 
түрлендіру əдісін қолданатын АҚЖ-ға қатысты, өйткені уақыттың 
нақты масштабында трафикті мұндай өңдеу алдын ала бағалауға 
қажет байыпты есептеу қорларын талап етеді.
Ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйесін тиімді жобалауда ақ-
параттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірнеше жалпы прин-
циптерін ескеру керек. Бұл принциптерге мыналар жатады:
• экономикалық тиімділік – мүмкін болатын зиян мөлшеріне 
қарағанда, қорғау құралдарының құны төмен болуы керек;
•  пұрсаттылық минимумы - əрбір пайдаланушы жұмысқа 
қажет ең төмен пұрсаттылық жиынына ие болуы керек;
•  қарапайымдылық – қорғау тиімді болады, егер онымен 
пайдаланушының жұмыс істеуі жеңіл болса;
• қорғаудың ағытылуы – қорғау қалыпты жұмыс істегенде 
ағытылмау керек, тек ерекше жағдайларда арнайы өкілеттігі бар 
қызметкер қорғау жүйесін ағыта алады;
•  қорғау тетігін жобалау жəне қызметінің ашықтығы  –
қорғау жүйесіне қатысы бар мамандар оның қызмет істеу прин-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет