Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


циптерін толық меңгеруі керек жəне қиын жағдайлар туын даған  кезде оларға барабар əрекет етуі қажет; • жалпы бақылау



Pdf көрінісі
бет165/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   257
237
циптерін толық меңгеруі керек жəне қиын жағдайлар туын даған 
кезде оларға барабар əрекет етуі қажет;
• жалпы бақылау – қорғалатын субъектілер мен объектілердің 
бақылану жиынынан кез келгенін алып тастау, ақпаратты өңдеуді 
автоматтау кешенінің қорғалымдылығын төмендетеді;
•  қорғау субъектілерінен қорғау жүйесінің тəуелсіздігі – 
қорғау жүйесін əзірлеумен шұғылданатын адамдар, бұл жүйені 
бақылайтындардың ішінде болмауы керек;
•  есеп беруші жəне бақылауда болу – қорғау жүйесі өз 
жұмысының дұрыстығына дəлелдер беруі керек;
• жауапкершілік – ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етумен 
шұғылданатын адамдардың дербес жауапты болуы;
•  оқшаулау жəне бөлектеу – қорғау нысандарын топтарға 
бөлу лайықты болады, мұнда бір топтағы қорғаудың бұзылуы 
басқасының қауіпсіздігіне ықпал жасамау керек;
•  толықтық жəне келісімділік – сенімді қорғау жүйесінің 
толық өзгешеліктері анықталған, тестіден өткізілген жəне ке-
лісілген болуы керек;
• параметрлеу – қорғау өте тиімді жəне икемді болады, егер 
əкімші жағынан оның параметрлерін өзгертуге мүмкіндік болса;
•  дұшпандық қоршау принципі – қорғау жүйесін жоба-
лауда дұшпандық қоршау болады деп есептеу керек. Құраушы-
лар пайдаланушылардың ниеті өте нашар болатын, маңызды 
қа телер жасайды, қорғау тетігін елемеу жолдарын іздейді деген 
ұйғарымды негізге алуы қажет.
• адамды қатыстыру – ең маңызды жəне өте қиын шешімдерді 
адам қабылдау керек;
•  қорғау тетіктерінің болуы туралы артық ақпарат бол-
мауы – ол туралы мүмкіндігінше пайдаланушылардан жасыру 
қажет, өйткені олардың жұмысы бақылауда болуы керек.
Кəсіпорын масшабының желілік қауіпсіздік жүйесін басқа-
рудың негізгі міндеттерін тұжырымдайық. Кəсіпорын масш-
табының бөлінген желілерінде ақпараттарды қорғаудың басқару 
жүйесі функционалдық тұрғыдан мына міндеттерді шешуі тиіс:
• кəсіпорын желілерінің шеңберінде ауқымды қауіпсіздік сая-
сатын басқару, жекелеген құрылғылардың жергілікті қауіпсіздік 
саясатын ақпараттарды қорғаудың бүкіл құрылғыларына дейін 
жеткізу;


238
•  қатынау объектілері мен субъектілерін конфигурациялау-
ды басқару; құрылғылар құраушыларын, версияларды, құрамды 
басқару, қорғауды бағдарламалық қамтамасыздандыру, сондай-ақ 
пэтчаларды (patch) басқару кіреді.
•  бөлінген қолданбалы жүйелерге қорғау сервистерін беру, 
сондай-ақ қорғалған қосымшалар мен олардың қорларын ( ресур-
старын) тіркеу. Осы топ қосымшалары, ең алдымен, қолданбалы 
жүйелер тарапынан қорғау сервистерімен басқаруды қамтамасыз 
ету үшін интерфейсті (API) қамтамасыз етуі тиіс.
• криптоқұралдармен басқару, жекелей алғанда, кілтпен бас-
қару (кілттік инфрақұрылым). Кілттік инрақұрылым инфрақұ-
рылымдық (өзін-өзі құратын) қызметтердің құрамында жұмыс 
істеуі тиіс;
•  оқиғаны хаттамалау; əртүрлі құрылғыларға логтар беруді 
баптау, логтардың егжей-тегжейлік деңгейін басқару, хаттамалау 
жүргізілетін, оқиғалар құрамын басқару;
•  ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік аудиті; ақпараттық 
жү  
йе 
лердің қорғалушылығының ағымдағы жай-күйі туралы 
объек тивті деректер алу мен оны бағалауды қамтамасыз етеді, 
кейбір уақытта, логтарды талдау, жұмыс істеп тұрған жүйедегі 
бұзушылар мен жыртықтарды іздеу қауіпсіздік аудиті болып 
түсіндіріледі;
•  жүйенің қауіпсіздік мониторингі, құрылғылардың жай-
күйі, белсенділігі туралы жəне құрылғыларда болып жатқан қа-
уіпсіздік контексімен, мысалы, əлеуетті шабуылдар туралы, 
нақты уақыттағы ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді;
• арнайы қорғалған қосымшалар жұмысын қамтамасыз ету, мы-
салы, операцияларды нотариалдық қадағалау, күнтəртібіндегі іс-
шараларды қолдау (кілттерді, парольдерді, қорғау құрылғыларын 
ауыстыру, смарт-карталар шығару жəне т.б.);
•  қосымшалардың жобалау-түгендеу топтарының жұмысын 
қамтамасыз ету; қосымшалардың осы тобы:
- кəсіпорын желілерінде қорғау құралдарын орнатудың нүк-
телерін анықтауды;
- қолданылатын қорғау құралдарын есепке алуды;
- қорғау құралының модульдік құрамын бақылауды;
- қорғау құралдарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыруы 
тиіс.


239
Желілерде ақпараттарды қорғау құралдарын басқару жүйелері 
мен желілерін басқарудың дəстүрлі жүйелерінің өзара əрекеттерін 
ұйымдастыруда проблемалар бар. Осы проблемаларды шешу 
үшін  екі негізгі тəсілдеме қолданылады.
Бірінші тəсілдеме желілік немесе жүйелік басқару құралда-
рын қорғау құралдарын басқару тетіктерімен ықпалдастыру (ин-
теграциялау) болып табылады. Желілік жəне жүйелік басқару 
құралдары, бірінші кезекте, желіні немесе ақпараттар жүйесін 
басқаруға бағытталған, яғни дəстүрлі əрекеттер мен қызмет көр-
сетулерді: пайдаланушылардың есептік жазуларын басқа 
руды, 
қорлар мен оқиғаларды басқаруды, маршруттауды, өнім 
ділікті 
жəне т.б. басқаруды қолдайды. Бірқатар компаниялар - Cisco 
Systems, Computer Associates, Hewlett Packard, Tivoli Sys 
tems 
қорғау құралдарын басқару тетіктерін желілерді басқарудың 
дəстүрлі жүйелеріне ықпалдастыру (интеграциялау) жолымен 
жүрді. Бірақ, осындай кешенді басқару жүйелері, жиі түрде 
құ нының жоғарылығымен өзгешеленеді жəне мұнан өзге, қа-
уіпсіздікті басқарудың кейбір аспектілері осы жүйелер назарла-
рынан тыс қалады. Екінші тəсілдеме, қауіпсіздікті басқару мін-
деттерін ғана шешуге арналған құралдарды пайдалану болып 
табылады. Мысалы, Open Security Manager (OSM), Check Point 
Software Technologies-тен корпоративтік қауіпсіздік саясаты-
мен бір орталықтан басқару жəне бүкіл компаниялар бойын-
ша желілік құрылғыға оны инсталлирлеу мүмкіндігін береді. 
OSM өнімі Check Point компаниясы əзірлеген OPSEC (Open 
Platform for Secure Enterprise Connectivity) технологиялары-
ның негізгі құраушыларының бірі болып саналады, ол əртүрлі 
пай 
даланушылардың (мысалы, Cisco, Bay, 3Com) желілік қа-
уіпсіздігінің құрылғыларын басқару үшін интерфейс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет