Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Қорғаудың жетілдірілген тетіктері мыналар



Pdf көрінісі
бет17/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   257
Қорғаудың жетілдірілген тетіктері мыналар: 
1.  Форматталмаған жолдар. Егер бағдарламалық қамтама-
сыздандыруды дайындаушы бағдарламаны стандарттық көшіру 
утилитінен қорғағысы келсе, онда көшіру утилиті оны анықтап 
танымау үшін тек дискі пішінін басқаға өзгерту қажет. Дискіде бос 
(форматталмаған) жолдарды немесе секторды сақтауы қорғаудың 
қарапайым тəсілі болып саналады. Көшіргілеу утилиті осындай 
жолда жаңылады жəне əрі қарай жұмыс істемейді. 
2.  Жол жəне сектор санын өзгерту. Əдетте, дискіде ең көп 
көлемді жад болуы үшін дискідегі жол саны жəне жолдағы сек-
тор саны диск жетектеушінің сенімділігі мен рұқсат етілген қа-
білеттілігі талаптарына сəйкес таңдалады. Бірақ олардың санын 
2–1525


18
азайтуға болады. Мысалы, жолдары тек жеті сектор болатын не-
месе отыз жолдан тұратын дискілерді жасауға болады. Бірнеше 
неғұрлым күрделі DOS түрлендірулерінің көмегімен жолдардағы 
секторлардың саны əртүрлі болуы мүмкін: алғашқы бесеуінің 
əрбірі алты сектордан, одан кейінгі бес сектор төрттен жəне əрі 
қарай бола алады, яғни сол арқылы біз қатты дискінің бірегей 
форматын жасаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет