Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет189/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

279
11-тақырып. АНТИВИРУСТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты:  Антивирустық бағдарламалардың қызметімен та-
нысу
Дəріс жоспары:
1. Антивирустық бағдарламалар сапасын таңдау критерийі
2. Компьютерлік вирустардың пайда болу белгілері
3. Антивирустық бағдарламалардың түрлері, вирустармен кү-
ресудің келешектегі бағыттары
4. Вирустардан қорғау жөніндегі негізгі шаралар
Негізгі түсініктер: Антивирус, таңдау критериі, антивирустық 
бағдарламалар
Тақырыптың мазмұны: Компьютерлік вирустармен күре-
судің ең тиімдісі антивирустық бағдарламалар болып табыла-
ды. Бірақ бірден айту керек, жүзпайыздық вирустан қорғануға 
кепілдік беретін антивирус болмайды жəне ондай жүйелер бар 
деу не арсыз жарнама, не кəсіби таяздық болып бағаланады.
Антивирустық бағдарламаның сапасы маңыздылығының тө-
мендеу ретімен орналасуына қарай былай анықталады.
Антивирустың жұмыс істеу сенімділігі ең маңызды критерийі 
болып табылады, өйткені егер ол сканерлеу үдерісін аяғына дейін 
жеткізе алмаса, яғни дискілер мен файлдардың бір бөлігін тек-
сере алмай ілініп қалса, ондай абсолюттік антивирустың пай-
дасы болмайды, сөйтіп жүйеде вирусты байқамай қалады. Егер 
антивирус пайдаланушыдан арнайы білімділікті талап етсе, онда 
ол тағы да пайдасыз болып қалады, көптеген пайдаланушылар 
антивирустың ондай хабарын елемейді, осы кезде «тышқан» 
тетігінің меңзері қай түймешікке жақын орналасқанына байла-
нысты кездейсоқ ОК немесе CANCEL басылады. Ал егер анти-
вирус қатардағы пайдаланушыға күрделі сұрақтарды жиі қоя бер-
се, онда ол мұндай антивирусқа қарауды доғарады немесе оны 
дискіден алып тастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет