Өзіндік жедел жад (ЖЖ) – қорғаудың аталған модулінің,
параметрлерінің шифр кілтін жəне шифрлау режимінің кілтін,
шифрдың əрекет ету мерзімі туралы ақпаратты сақтайды. Жедел
жадтың осындай телімдері шифрлау слоттары деп аталады. Əрбір
слоттың өз нөмірі бар.
Кілт пен параметрлер қорғау блогына жүктеледі, декодирле-
неді жəне бос слотқа орналасады. Слот нөмірі, пайдаланушының
бағдарламаларын дешифрлау кезінде тиісті кілтке сүйену үшін
пайдаланылады.
Слоттар асимметриялық шифрлау кезінде пайдаланылады.
Симметриялық шифрлау кілті бір рет жүктеледі жəне слот
нөмірі бойынша соған сүйенеді.
Слот бас компьютердің бұйрығы бойынша ғана жойылуы
мүмкін. Слоттар саны жедел жад мөлшері бойынша анықталады.
Өзіндік жедел жад, қорғалуы тиіс, қорғау модулінің сол жа-
дысына ғана сəйкес келеді. Ашуға əрекет жасағанда ол өз-өзінен
жойылып кетеді. Оның авариялық автономды қорегі бар, ашуға
əрекет жасаған кезде ол да ағытылады.
Өзіндік тұрақты жад – қорғау модулі ғана пайдаланатын шиф-
рлау алгоритмдерін сақтайды.