7
жəне жұмыс істесе, сол жағдайда ғана ойдағыдай шешілуі
мүмкін. Қорғаудың осындай жүйесін құру мен жұмыс істеуін
ұйым
дастыру мəселелері осы оқу құралында қарастырылады.
Ол оқыр
мандардың бойында, компьютерлік желілердегі ақпа-
рат тарды қорғау проблемасына тұтас, жүйелі
көзқарас қалып тас-
тыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Ақпараттық қауіпсіздік ұлттық, салалық, корпоративтік неме-
се дербес болсын, қандай деңгейде қарастырса да, ықпалдастық
қауіпсіздіктің аса маңызды аспектілерінің бірі болып саналады.
Аталған объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жүйесін (СОИБ) құру қандай да бір
болмасын объектінің ақпа-
раттық қауіпсіздігін іске асыру мақсаты болып саналады.
МЕМСТ 350922-96-ға сəйкес, ақпараттарды қорғау – бұл қор-
ғалатын ақпаратты рұқсат етілмеген жəне алдын ала ниет етпеген
əрекеттерден қорғау, қорғалатын ақпараттардың сыртқа шығып
кетуінің алдын алуға бағытталған қызмет.
Кəсіпорындарда немесе мемлекеттік мекемелерде ақпараттық
қорларды жан-жақты қорғау мақсатында ақпараттық қауіпсіздіктің
кешенді жүйесі құрылады.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі жеке жəне
тапсырыс беруші
бизнесінің өзіндік ерекшелігіне негізделген болуы тиіс. Сон-
дықтан ақпараттарды қорғау жүйесін құру нұсқалары өте көп
жəне толықтай ықтимал жəне олар типтік шешімдер тізіміне кір-
меуі тиіс. Ақпараттарды қорғау саласындағы өнімдер мен қыз-
мет көрсетулер соның негізінде, ірі корпорациялар үшін ша ғын
бизнестен ауқымды желілерге дейін шешу үшін,
байланыс опе-
раторлары үшін, əртүрлі салалардағы жəне қызмет түр
лерін-
дегі кəсіпорындар үшін шешетін кез келген күрделіліктегі ақпа-
раттардың қорғалуын қамтамасыз етудің икемді жəне көлемді
жүйесін құруға мүмкіндік береді.