Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет7/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   257
Ақпараттық жүйе – бұл ақпаратты автоматтандырылған түр-
де жинау, сақтау, өңдеу, беру жəне алуға арналған аппараттық 
жə не бағдарламалық құралдар, сондай-ақ жүйенің жұмысына 
қаты  сатын персонал кіретін кешен. Кейбір уақытта АЖ орнына 
«ком пь ютерлік жүйе» термині қолданылады, бұл АЖ-ның ағыл-
шын тіліндегі аналогы болып саналады (ағылшынша «compute» -
есептеу). 
«Ақпарат» терминімен қатар АЖ-ға жиі түрде «деректер» 
терминін пайдаланады. Жəне – «ақпараттық қорлар (ресустар)» 
ұғымы пайдаланылады. ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңына 
сəй кес ақпараттық жүйелердегі (кітапханалардағы, мұра ғат тар-
дағы, қорлардағы, деректер банктеріндегі жəне өзге ақпа  раттық 
жүйелердегі) жекелеген құжаттар мен құжаттар 
дың же 
ке 
леген 
массивтері ақпараттық қорлар (ресурстар) болып түсін діріледі. 
АЖ ұғымы өте кең жəне ол:
• ЭЕМ бүкіл сыныптары мен тағайындалуларын;
• есептеу кешендері мен жүйелерін;
• есептеу желілерін (жергілікті, өңірлік жəне ауқымды) қам-
тиды.
Жүйелердің осындай кең диапозоны екі себеп бойынша 
бір ұғымға біріктіріледі: біріншіден, бүкіл осы жүйелер үшін 
ақпараттарды қорғаудың негізгі проблемалары ортақ; екін 
ші-
ден, неғұрлым ұсақ жүйелер неғұрлым ірі жүйелердің элемент-
тері болып саналады. Егер қандай да бір жүйелердегі ақпарат-


10
тарды қорғаудың өзіндік ерекшелігі болса, онда олар бөлек қа-
растырылады. 
Ақпарат, АЖ-ны қорғау заты болып саналады. Электрондық 
жəне электрондық-механикалық құрылғылар (ішкі жүйелер), 
сон 
дай-ақ машиналық тасымалдаушылар ақпараттық жүйеде 
ақпа раттардың өмір сүруінің материалдық негізі болып сана-
лады. Енгізу құрылғысының немесе деректерді беру жүйесінің 
(ДБЖ) көмегімен ақпарат АЖ-ге түседі. Жүйеде ақпарат əртүрлі 
деңгейлердегі есте сақтайтын құрылғыларда сақталады про-
цессорлармен (ПЦ) түрлендіріледі (өңделеді) жəне шығару құ-
рылғысының немесе деректерді беру жүйесінің көмегімен жүйе-
ден шығарылады. Қағаз, магниттік таспалар, əртүрлі дис 
кілер 
машиналық тасымалдаушылар ретінде пайдаланылады. Бұ рын-
дары ақпараттардың машиналық тасымалдаушылары ретін 
де 
қағаз перфокарталар жəне перфотаспалар, магниттік барабан дар 
жəне карталар пайдаланылған болатын. Ақпараттарды маши-
налық тасымалдаушылар типтерінің көпшілігі алмалы-салмалы 
болып саналады, яғни құрылғыдан алынуы жəне құ 
рылғыдан 
бөлек пайдаланылуы немесе сақталуы (таспалар, дис кілер, қағаз) 
мүмкін.
Осылай, АЖ-де ақпараттарды қорғау (ақпараттардың қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету) үшін, құрылғыны (ішкі жүйелерді) жəне 
машиналық тасымалдаушыларды оған рұқсатсыз тиісуден қорғау 
қажет. 
Бірақ, ақпараттарды қорғау көзқарасы тұрғысынан АЖ-ны 
осы тұрғыдан қарастыру толық болып саналмайды. Есептеу 
жүйелері адам-машиналық жүйелері сыныбына (тобына) жата-
ды. Осындай жүйелерді мамандар (қызмет көрсететін персонал) 
пайдаланушылар мүдделері үшін қолданады. Əрі, соңғы жылда-
ры пайдаланушылар жүйеге аса тікелей түрде қатынайды. Кейбір 
АЖ-де (мысалы, БЭЕМ) пайдаланушылар қызмет көрсететін 
персоналдың функцияларын орындайды. Қызмет көрсететін пер-
сонал мен пайдаланушылар сондай-ақ ақпарат тасымалдаушылар 
болып саналады. Сондықтан рұқсатсыз əрекеттерден құрылғылар 
немесе тасымалдаушылар ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсететін 
персонал жəне пайдаланушылар да қорғалуы қажет. 
АЖ-дегі ақпараттарды қорғау проблемаларын шешу кезінде, 


11
сондай-ақ жүйедегі адам факторының қарама-қайшылығын еске-
ру қажет. Қызмет көрсететін персонал мен пайдаланушылар 
объ екті, сол сияқты ақпаратқа рұқсатсыз əсер ету көзі де болуы 
мүмкін. 
«Қорғау объектісі» немесе «объект» ұғымы жиі түрде не-
ғұрлым кең мағынада түсіндіріледі. Шоғырландырылған АЖ 
немесе бөлінген жүйелер элементтері үшін «объект» ұғымына 
ақпараттық қорлар (ресурстар), ақпараттық, бағдарламалық құ-
ралдар, қызмет көрсететін персонал, пайдаланушылар ғана емес, 
сонымен қатар тұрғынжай, ғимарат жəне тіпті, ғимараттың төңі-
регіндегі аумақ та кіреді.
«Ақпараттар қауіпсіздігі» жəне «қорғалған есептеу жүйелері» 
ұғымы ақпараттарды қорғау теориясының негізгі ұғымдарының 
бірі болып саналады. «АЖ-дегі ақпараттар қауіпсіздігі (қорға-
лушылығы) – бұл, мүмкін қауіп-қатерлерден ақпаратты қажетті 
деңгейде қорғау қамтамасыз етілетін, есептеу жүйелерінің бүкіл 
құраушысының осындай жай-күйі. Ақпараттар қауіпсіздігі қам-
тамасыз етілетін есептеу жүйелері, қорғалған деп аталады.
АЖ-дегі ақпараттар қауіпсіздігі (ақпараттық қауіпсіздік) 
мемлекеттің, салалардың, ведомстволардың, мемлекеттік ұйым-
дардың немесе жеке фирмалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету-
дің негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
Қабылданған қауіпсіздік саясатына сəйкес АЖ-дегі ақпарат-
тардың қорғалушылығын қамтамасыз ететін, құқықтық норма-
лардың, ұйымдық іс-шаралардың, техникалық, бағдарламалық 
жə не криптографиялық құралдардың бірыңғай кешені АЖ-дегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет