182 ҚОРЫТЫНДЫ • Жергілікті рұқсатсыз қатынау компьютерге тікелей қатынау
арқылы ақпарат алуға заңсыз əрекеттер жасау болып табылады.
• Басқаруды бірінші алатын бағдарлама (салым немесе одан
қорғау құралы) кепілді түзу жұмыс істейді.
• Электрондық құлыптық кепілді жұмыс істеуі үшін компью-
тер жұмыс істеп тұрған уақытта салым жəне пароль түйіншегі
бағдарламалық құралдармен оқылуға аппаратпен қорғалғаны
жеткілікті болады.
• Құралдар пернетақтадан енгізілген парольді сұрау, сонымен
қатар түйінді ақпарат оқылатын Touch Memory элементін қосу
арқылы қатты дискіде жазылған ақпаратқа рұқсатсыз қатынауды
қорғауды жүзеге асырады.
• Қашықтан рұқсатсыз қатынау желілік жабдықтарды пай-
даланып компьютерге тікелей қатынаусыз ақпарат алуға зансыз
əрекеттер жасау болып табылады.
• Виртуалдық желі – бұл Интернетте деректерді жіберуде
қатынас ортасы ретінде пайдаланылатын криптомаршруттаушы-
лар жиынынан құрылған желі.
• Ішкі желілерге рұқсатсыз қатынаудың барлық əрекеттері
сəтсіздікке ұшырайды, өйткені бұзушы келген десте мағынасын
дұрыс аша алмайды.
• Алып-салмалы тасымалдаушылардан жəне басқа компью-
терлердің байланыс арналары арқылы заңсыз ақпарат алу əрекеті
иесіздендірілген құраушыларды ақпаратқа рұқсатсыз қатынау бо-
лып табылады.
• Модеммен басқарылатын қорғау құралына тікелей модем
мен компьютердің арасында орналасқан сызықтық шифратор жа-
тады.