234
жағдайларды өзгерту корпоративтік
желінің тұтас алғанда, қол
жеткен қорғалу деңгейін төмендетпеуі керек.
Дəлелденгендік принципі. Ақпаратты қорғау жүйесін жа-
сауда корпоративтік жүйенің ішінде ұйымдастыру шарала-
рын логикалық жəне физикалық
жұмыс орындарын бір біріне
байланыстыра орындау, сонымен қатар арнайы аппараттық –
бағдарламалық сəйкестендіру, бірегейлендіру құралдарын қол-
дану жəне ақпараттық түпнұсқалығын растау қажет.
Бұл прин-
ципті жүзеге асыру жүйені күрделілендіру шығындарын азайтуға
мүмкіндік береді, мысалы, цифрлық
электрондық қол қоюды тек
корпоративті желімен байланыс арнасы арқылы қосылған қа-
шықтағы, сыртқы жұмыс орындары
мен терминалдармен жұмыс
істегенде ғана қолдану. Бұл принцип корпоративтік желі қауіп-
сіздігін
қамтамасыз ету бағытын, ақпаратты қорғау
функциялары
мен шараларын таңдау кезінде негізге алынуы қажет.
Корпоративтік ақпараттық жүйелер
ақпаратты автоматтанған
өңдеуді жүзеге асыратын бөліктенген компьютерлік жүйеге жа-
тады. Корпоративтік желіні (КЖ) жасауда жəне жаңартуда өз
КЖ ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйесін жасау жəне
жаңарту
қамын ойлау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: