303
Криптосызба немесе криптографиялық алгоритм деп
өзін
дік шифрлауды, дешифрлеуді жəне өзге криптографиялық
түр лендірулерді атайтын боламыз.
Криптографиялық хаттама – қандай да бір криптограмма-
ларды пайдаланумен ақпараттармен алмасу үдерісінде ақпарат-
тық жүйелердің қызметтік элементтерінің жұмысын анықтайтын,
семантикалық жəне синтаксистік
ережелер мен процедуралар
жиынтығы.
Криптожүйе криптографиялық алгоритмдер мен хаттама лар-
дың жиынтығын білдіреді.
Ақпараттық жүйелерде криптографиялық əдістерді қолдану:
• байланыстың жекелеген желілері қорғалатын арналық дең-
гейде;
• түпкі немесе «арналық деңгейден» жоғары (мысалы, ашық
жүйе лердің өзара əрекеттесуінің эталондық модельдерінде желі-
лік немесе қолданбалы деңгейде) деңгейде ұйымдастырылуы
мүмкін.
Арнайы алгоритмдердің көмегімен не ақпараттық шешімдер
жəне
кілттер кодтарының көмегімен, яғни оны анық емес түрге
келтірумен оның құрамды бөліктерін (сөздер, əріптер, сөз тір-
кестері, цифрлар) түрлендіру, криптографиялық түрлендіру əді-
сі мен ақпараттарды қорғау болып табылады. Шифрланған ақ па-
ратпен танысу үшін кері үдеріс: декодирлеу (дешифрлеу) қол-
да нылады. Криптографияларды пайдалану, ЭЕМ желілерінде де-
ректерді, қашықтан жад құрылғыларында сақталатын дерек терді
беру кезінде жəне қашық объектілер
арасында ақпараттар алмасу-
да қауіпсіздікті айтарлықтай арттыратын, кең таралған əдіс тердің
бірі болып сыналады.
Түрлендіру (шифрлау) үшін əдетте, адамдар шеңберіне ке-
ңінен белгілі болуы мүмкін, берілген алгоритмді іске асыратын,
кейбір алгоритм немесе құрылғы пайдаланылады.
Қорғаныстық түрлендіру əдістеріне қойылатын негізгі талап-
тар мынадай:
1) қолданылатын əдіс, шифрланған мəтінге ғана ие болып
бас тапқы мəтін мағынасын ашу
ұмтылыстарына аса мықты тос-
қауыл болуы тиіс;
2) кілттің көлемі оны сақтауды жəне қайта жіберуді
қиындатпауы тиіс;
304
3) Шифрлау жəне де шифрлау үшін пайдаланылатын кілт жə-
не ақпараттарды түрлендіру алгоритмі өте күрделі болмауы тиіс:
қорғаныстық түрлендіруге жұмсалатын шығындар ақпараттарды
сақтаудың берілген деңгейі жағдайына сай келетіндей болуы
қажет;
4) шифрлаудағы жіберілген қателіктер ақпараттарды жоғал-
туды
туғызбауы тиіс;
5) шифрланған мəтіннің ұзындығы бастапқы мəтіннің ұзын-
дығынан асып кетпеуі тиіс;
6) ақпараттарды шифрлауға жəне дешифрлауға қажетті уа-
қытша қорлар (ресурстар) ақпараттарды қорғаудың қажет дəре-
жесімен анықталады.
Криптография ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ете-
ді, рұқсаты жоқ адамдардың оған рұқсатсыз қатынауынан қор-
ғайды. Цифрлік сигнатура – хабарға арнайы қасиет қосу арқылы
тұтастығын қамтамасыз ету криптография
аймағындағы соңғы
жетістіктердің біріне жатады, мұнда хабар авторына меншіктелген
ашық кілт белгілі болса ғана тексеруге болады. Бұл əдістің құпия
кілттердің көмегімен тұтастықты тексерудегі ең таныс əдіске
қарағанда едəуір артықшылықтары бар.
Жіберілетін хабарлардың мəн-мағынасын жасыру үшін код-
тау жəне шифрлау түрлендірудің екі типі қолданылады.
Кодтауда жиі пайдаланылатын сөз тіркестерінің жиынынан
тұратын кодтық кітаптар немесе кестелер қолданылады. Əр сөз
тіркестеріне еркін таңдалған кодтық сөздер сəйкестеніп, көбінесе,
цифрлар жиынымен беріледі. Хабарларды қайтадан анықтау үшін
сондай кітап немесе кесте қажет болады.
Кодтық кітап немесе ке-
сте еркін криптографиялық түрлендірудің мысалы болады.
Криптографиялық түрлендірудің екінші типі
шифрлау, бе-
рілген мəтіннің символдарын анықтауға болмайтын пішінге
түр
лендіретін алгоритм (процедура) болып табылады. Мұнда
процедураны (алгоритмді) қорғаудың айтарлықтай мəні бола-
ды. Криптографиялық кілтті қолдану арқылы шифрлау про-
цедурасын қорғау талаптары төмендеуі мүмкін. Енді тек кілтті
қорғау керек болады. Егер кілт
көшірмесін біреу алып қойса, онда
кілтті ауыстыруға болады, бұл кодталған кітаптар мен кестелерді
305
ауыстырғаннан оңай. Сондықтан ақпараттық технологияда код-
тау емес шифрлау кеңінен пайдаланылады.
Хабарларды беру кезінде шифрлау жəне дешифрлау сызбасы
24-суретте көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: