Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет212/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Модуль 2 бойынша қосу операциясы
Модуль 2 бойынша қосу операциясы биттердің үстінен жаса-
латын стандартты операцияны білдіреді:
0 + 0 = 0
0 + 1 = 1
1 + 0 = 1
1 + 1 = 0
Модуль 2 бойынша қосу көмегімен, кілт биттеріне ашық 
мəтіннің тиісті биттерін қосып, көп алфавитті ауыстыруды 


311
орындауға болады. Шифрлаудың осы алгоритмі симметриялы 
болып саналады. Өйткені модуль 2 бойынша бір шаманы екі 
қосу бастапқы мəнін қалпына келтіреді, шифрлау жəне шифрды 
(мағынасын) ашу бір бағдарламамен орындалады. 
Өкінішке қарай, аталған алгоритмнің беріктігі өте əлсіз. 
Соған қарамастан Ұлттық қауіпсіздік агенттігі, сөйлесу кезін-
дегі сөздердің құпиялығын сақтау үшін, оны америкалық өнді-
рушілердің цифрлы (сандық) ұялы телефондарында пайдалануды 
мақұлдады. Ол сондай-ақ əртүрлі коммерциялық бағдарламалық 
өнімдерде жиі кездеседі. 
Аталған алгоритмнің көмегімен сіз, криптоталдауға көнбей тін 
өткізудің жазысқан хаттарыңыздың мазмұнын, адамнан сенімді 
жасыра алатыныңызды естен шығарыңыз, бірақ, бір тəжірибелі 
криптоаналитик оны бұзып кіру үшін бірнеше минут қана жұм-
сайды. Бұл өте қарапайым түрде жасалады, егер, мысалы, ха-
бардың ашық мəтіні ағылшын тілінде жазылған деп ұйғарсақ.
1. Алдымен кілттің ұзындығын анықтап алу керек. Шифр мə-
тін модуль 2 бойынша, байттың əртүрлі санына жылжытылған 
(ығысқан) өзінің көшірмесімен тізбектей қалыптасады жəне алын-
ған векторда сəйкес келетін құраушылардың саны есептеледі. 
Жылжу (ығысу) шамасы кілттен еселік ұзын болған кезде, бұл 
сан, зерттелетін шифр мəтіннің жалпы ұзындығынан 6% асып 
кетеді. Егер еселік болмаса, онда сəйкестіктер 0,4%-дан аз бола-
ды. Алынған деректерді талдап, кілттің ұзындығы туралы негізді 
қорытынды жасауға болады. 
2. Содан кейін модуль 2 бойынша шифрмəтінді, кілттің ұзын-
дық шамасына жылжытылған, өзінің көшірмесімен қосу керек. 
Бұл операция кілтті жояды жəне кілттің ұзындық шамасына 
жылжытылған өзінің көшірмесімен модуль 2 бойынша қосылған 
хабардың ашық мəтінін бар қалпында қалдырады. 
Криптографияда ауыстыру жəне алмастыру деп аталатын 
шифрлаудың екі қарапайым пішіндері пайдаланылады.
Ауыстыру əдісінің негізіне кодтық кестелер принципі жа-
тады. Ең қарапайым пішінде оны бастапқы мəтіннің əр əрпіне 
қолдануға болады. Мысалы,
SOFTWAREPROTECTION
символдар жолын мынандай ауыстыру арқылы түрлендірейік: 


312
əрбір əріп əліпбидегі үш орын алдында тұрған əріппен ауыстыры-
лады: А→D, B→E жəне т.с.
Нəтижесі былай шығады:
VRIWZDUHSURWHFWLRQ.
Классикалық криптографияда алмастыру əдісі де табиғи 
тілдегі мəтіндерге қолданылады. Мысалы, символдар жолын 
бірнеше топқа бөліп былай алмастырады: əр топты 5 символ-
дан алып, оның ішінде орындарын 31452 ретімен алмастырады. 
Нəтижесі:
SOFTW¦AREPR¦OTECT¦IONZZ
FSTWO¦ EAPRR¦ EOSTT¦ NIZZO.
Қазіргі технология əдетте символдарды емес, екілік кодтар 
шеңберінде ауыстыруды пайдаланады. 8 биттен тұратын топ-
та алмастыру саны 8, бұл мүмкін болатын ауыстыру санынан 
əлдеқайда аз болады. Криптографиялық кілтпен түрлендіруде 
алмастыруға қарағанда, ауыстыруды пайдаланған қисынды бо-
лады. Бұл ауыстырудың тəжірибелік маңыздылығын күшейтеді, 
бірақ кодтаудың екі əдісі бірін-бірі өзара толықтырады. Ауы-
стыру кестелері мөлшерінің экспоненциялдық өсуінен олар-
ды тəжірибелік қолдану шектеледі, мұның орнын алмастыру 
биттерін пайдаланып толтыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет