47
әдіснаманың рөлін сезіну;
педагогикалық қызметте шынайы қолдану дерегі;
ұстанымдар жүйесін, теориялық, сондай-ақ тәжірибелік іс-
әрекетті ұйымдастыру жолдарын сезіну;
іс-әрекет жолдарын жүзеге асыру дерегі.
Мұғалімнің
әдіснамалық
мәдениеті
мен
педагог-зерттеушінің
әдіснамалық мәдениетінің айырмашылығын ажырата білу қажет.
Педагог-зерттеуші бүгінгі күнде зерттеу қызметіне қойылатын
талаптарды, зерттеуді қай тұрғыдан қарастыру керектігін білуі тиіс.
Әрекет тұрғысынан қарау. Жеке тұлға және адамның даралық
ерекшеліктері әрекет барысында көрінеді әрі қалыптасады. Демек
педагогикалық құбылыс және үрдістің компоненттерінде де біртұтас
логикалық тұрғыдан қарастыру қажет. (қажеттілік, мотивтері, мақсаты,
амалдар, операциялар, құралдарды реттеу, бақылау және нәтижені талдау).
Бұл тұрғыдан зерттеуді қарастыру оқу әрекетінің мұғалімнің кәсіби
әрекетіне бағытталады. Олардың структурасын қалыптастыру жағдайларын,
амалдардың бағыттылық негіздерінің типін анықтауға бағытталады. Сондай-
ақ, жеке тұлғаның қасиетін және даралық қабілеттерін қалыптастыруының
мүмкіндіктерін анықтауға негіз болады.
Жеке тұлға тұрғысынан қарау. Барлық сыртқы педагогикалық
бақылаулардың орны ерекше, ол ішкі жағдайлармен ұштасқаны дұрыс
(психикалық және тұлғалық қасиеттер), ол белсенділікке негізделеді( өзін-өзі
тәрбиелеу, өзіндік даму, өзіндік ұйымдастыру, өз білімін көтеру, өзіндік
реттеу, өзіндік басқару).
Бұл тұрғыдан қарау баланы адам ретінде құндылық қатынастарды
қалыптастыруға бағыттайды. Ол адам ретінде қалыптастырудың жағдайын
зерттеуге итермелейді, талап етеді. өзін-өзі көрсету, өзіндік даму, өзіндік
реттеу, әлеуметтік қорғау, адамның әлеуметтік жағдайға бейімделуін,
олардың қоғамдағы интеграциясы.
Жүйелілік тұрғыдан қарау (жүйелілік талап әдісі)
Барлық
құбылыс пен үрдістердің өзара байланысуы негізде
қарастыруды талап етеді. Педагогикалық құбылыстарды жүйе, қатынас,
байланыс, өзара әрекет тұрғысынан қарастыруын қажет етеді.
Байланыс жалпылықты анықтау. Не оларды біріктіреді?
2.8 Ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы
1-кезең. Зерттеу
проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін
негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін
анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін
белгілеу.
2-кезең. Әдіснаманы таңдау – бастапқы тұжырымдама, тірек-теориялық
ережелер.
3-кезең. Зерттеу болжамын құру – теориялық конструкция, дәлелдерді
қажет ететін шындық.
4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу.
Мақсаты - бастапқы зерттеу пәнінің жай-күйін анықтау.
48
5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін
безендіру (өңдеу).
7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: