Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет74/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   158
мәселелері бойынша ашық сабақтар. Тәжірибені зерделеу мен қорытудың 
бұл  нысаны  барлық  мектептерде  кеңінен  қолданылады.  Тәжірибелі 
педагогтардың  ашық сабақтарына  қатыса  отырып,  олардың  әріптестері  мен 
мектеп  басшылары  тәжірибенің  шын  мәніндегі  озық жақтарын  бүкіл ұжым 
болып  талқылайды,  атап  көрсетеді,  нақты  педагогтың  озық  тәжірибесінің 
басқалардың игілігіне айналатын жағдайларын анықтайды. 
  2.  Педагогикалық  кеңестер,  педагогика  мәселелері  бойынша 
өндірістік  жиналыстар,  кеңестер.  Оларды  өткізудің  алдында  үлкен 
адйындық  жұмыстары  жүргізіледі:  әртүрлі  педагогтардың  оқу  –  тәрбие 
сабақтары  бақыланады,  талданады,  педагогикалық  тәжірибені  көрсететін 
әдебиет  зерттеледі,  көрмелер  дайындалады,  негізгі  баяндамалар  мен 
қосымша  баяндамалар  дайындалады.  Кеңесте,  жиналыс,  мәжілістерде 
баяндамада  көтерілген  мәселелер  талқыланады,  жекелеген  педагогтардың, 
топтар  мен  бүтін  ұжымдардың  жұмысына  табыс  әкелген  факторлар  мен 
жағдайларды  анықтауға  назар  аударылады;  мәселе  талқыланғаннан  кейін 
озық тәжірибені пайдалану туралы ұсынымдар шығарылады.    
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет