Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет77/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   158
әзірлеу  жөніндегі  практикумдар.  Егер  мектепте  тәжірибені  зерделеумен 
айналысатын ынталы мұғалімдер  тобы  бар болса, онда практикумды өткізу 
өзін ақтайды:  оның сабақтарында  белгілі  бір  тақырыптар  бойынша  әдебиет 
тізімін  жасау,  тәжірибені  зерделеу  жоспарын  дайынду,  зерделеу  әдістері 
және  оларды  нақты  тақырыптар  бойынша  таңдау,  бақылау  тәсілдері  және 
тәжірибені  тіркеу,  алынған  материалдарды  сандық  талдау  және  сапалық 
жағынан  түсіндіру.  Барлық  материалды  қорыту  сияқты  мәселелер 
талқыланады. 
  10.  Педагогикалық  консультациялар  ауызша  және  жазбаша  болуы 
мүмкін.  Жаңашыл  педагогтың  жұмысында  мәселелер,  қиындықтар,  кейде 
күмән туындайды. Педагогикалық консультацияны жұмысты жаңа бастаған, 
тәжірибесі аз мұғалімдер үшін тәжірибелі мұғалімдер жүргізеді.  
  11.  Өздігінен  білім  алу  –  егер  тәжірибе  баяндамалар,  мақалалар, 
брошюралар,  монографиялар,  әдістемелік  әзірлемелер,  жаднамалар, 
нұсқаулықтар  түрінде  жазылып,  қорытылған  болса,  бұл  кез  келген  педагог 
үшін  басқа  педагогтардың  тәжірибесін  зерделеудің  қолжетімді,  тиімді  әрі 


 
127 
қажетті 
нысаны. 
Тіркелген 
тәжірибені 
бір 
тақырып 
бойынша 
сипаттамалардың санын көбейту арқылы қорытуға болады.  
  Озық  педагогикалық  тәжірибені  насихаттау,  тарату  және  пайдалану 
ұсынымдық  сипатта  болады,  оның  тәжірибе  нәтижелерін  міндетті  түрде 
қолдану  жөніндегі  шаралар  жүйесін  білдіретін  енгізуден  айырмашылығы 
әркімнің өз бастамасының негізінде жүзеге асырылады.  
  Озық  педагогикалық  тәжірибенің  пәрменділігінің  негізі,  мұғалімдерді 
мектептің алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге ықпал ететін оқу 
мен  тәрбиенің  жаңа  әдістерін  іздестіруде  кездесуі  мүмкін  кездейсоқтықтар 
мен  қателіктерден  сақтандыратын,  педагогикалық  ғылым  мен  мектеп 
практикасының органикалық өзара іс-әрекеті болып табылады.  
  Озық тәжірибе мектебі негізінен дербес және ұжымдық тәлімгерліктің 
мақсаты  мен  міндетін  іске  асыратын  әдістемелік  жұмыс  түрі.  Қазақстан 
мектептерінде тәлімгерлік дәстүрдің бай тарихы бар болғанымен бір мектеп 
қабырғасында  ұйымдастырылған  озық  тәжірибе  мақсатты,  толыққанды 
сипат  алады.  Бұл  мектептің  негізгі  міндеті  –  тәжірибелі  мұғалімнің, 
басшының  тәжірибесі  өз  әріптесіне  әдістемелік  көмек  көрсету.  Бұндай 
мектепті қалыптастыру көбіне ерікті негізде басталады. 
  Озық тәжірибе мектебі жұмысын бағалау екі жақты тиімділікті ескеру 
тиіс.  Мектеп  басшысы  мұғалімдердің  сабақтарына  қатысып,  оларға  сабақ 
технологиясы  мен  әдістемесі,  жоспарластыру  мәселелерімен  ақыл-кеңес 
беріп,  білім  берудің  теориялық  мәселелерін  талқылаумен  бірге  мектептің 
педагогикалық  жүйесін  жетілдіреді,  өзінің  кәсіптік  позициясының 
дұрыстығына  көз  жеткізеді.  Озық  тәжірибе  мектебінің  екінші  тиімділігі- 
мұғалім  әріптестердің  жаңашыл,  шебер  мұғалімнің  шығармашылық 
лабораториясымен тікелей танысуға мүмкіндігінің болуы деп білеміз. 
  Озық  тәжірибе  мектебінің  құрылымында  оның  бір  көрінісі  немесе 
дербес  буыны  ретінде  жас  мұғалім  мектебінің  жұмысын  ұйымдастыруға 
болады.  Оның  мәні  –  жұмысты  жаңа  бастаған  жас  мұғалімдер  тәжірибелі 
мұғалімнің немесе мектеп басшысының жетекшілігімен бірлестікте бірігеді. 
Оның жұмысы сабақтың және сыныптан тыс шараның мақсатын белгілеудің 
техникасы  мен  әдістемесі,  сынып  жетекшісі    жұмысын  жоспарластырудың 
ерекшеліктері,  сынып  ұжымының  тәрбиелік  деңгейін  анықтау  сияқты 
арнайы жоспармен жүргізілді. Жас мұғалім мектебіндегі оқуларда сабақтың 
технологиялық  картасын  жасау,  оқу  процесінде  компьютер  құралдарын 
қолдану  сияқты  практикалық  шаралар  қарастырылады.  Тәжірибелі 
педагогтің  жетекшілігімен  бір-бірімен  араласқан  жас  мұғалімдер  кәсіптік 
дамуын  жолға  қойып,  өзінің  шығармашылық  қасиетін  іске  асыруға 
ұмтылады. 
  Көптеген 
мұғалімдердің 
тәжірибесі 
көрсетіп 
отырғандай, 
педагогикалық  шығармашылық  пен  белсенді  әрекеттің  күрт  бәсеңдеуі 
болашақ  мұғалімдердің  жоғары  оқу  орнында  алған  теориялық  білімдерден 
соң  мектептегі  алғашқы  жылдары  бірден  таза  практикалық  қызметпен 
айналысуынан  туындайды.  Сондықтан  бұл  кезеңде  арнайы  теориялық 


 
128 
дайындықты  үзбей  оны  практикада  қолдану  арқылы  тереңдетудің  маңызы 
зор. Жас мұғалім мектебі міне осы маңызды міндетті шеше алады. 
  Мектептерге эксперименттік жұмыстар  ұйымдастыруға кең мүмкіндік 
беріп  отырған  кезеңде  проблемалық  (инновациялық)  топтың  әрекеті  қызу 
қолдау  табуда.  Мұғалімдердің  мұндай  тобы  мектеп  басшыларының,  ғалым-
педагогтардың,  мұғалімдермен  өзінің  бастамасымен  құрылуы  мүмкін.  Бұл 
топ  озық  тәжірибені  өз  мектебінде  және  одан  тысқары  жерлерге  де 
жинақтап, таратуға күш салады. 
  Егер  проблемалық  топ  өз  концепциясын  немесе  әдістемелік 
жаңалығының талдамасын жасап, практикаға енгізумен айналысатын болса, 
онда  ол  топ  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  негізгі  белгілері  бар 
эксперименттік-тәжірибелік әрекет жүргізеді.  
  Озық 
педагогикалық 
тәжірибенің 
авторлық 
мектептері  
(педагогикалық 
шеберханалар, 
педагогикалық 
практикумдар) 
– 
педагогтардың  пікір  алысу  нысаны,  онда  озық  педагогикалық  тәжірибенің 
авторы  болып  табылатын  мұғалім,  оқытушы,  оқу  орнының  мастері  немесе 
басшысы  мектепке  қатысушыларға  өз  тәжірибесі  туралы  айтады  және  оны 
ашық сабақтар өткізу процесінде жан-жақты көрсетеді, т.с.с. 
  Педагогикалық  оқулар  дегеніміз  –  озық  тәжірибені  қорыту  мен 
таратуды  мақста  еткен  білім  беру  қызметкерлерінің  пікір  алысу  нысаны. 
Педагогикалық  оқуларда  көбінесе  тәжірибесі  жаңашылдық  элементтеріне 
құрылған  және  жұртшылық  мойындаған  практикалық  қызметкерлердің  – 
мұғалімдердің, 
оқытушылардың, 
оқу 
орындары 
басшыларының 
баяндамалары тыңдалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет