Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет117/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   152
Терминдер сөздігі
Автоклав – құрал-саймандарды ыстық бу мен жоғары қысым арқылы
стерилдейтін қондырғы.
Адвентивтік бүршік (лат. аdventicius – келімсек, бөтен, бөгде) – қосалқы
бүршік. Əдеттегідей өсу нүктесінің ұлпаларынан емес, олардан өзгеше ұлпалардан
пайда болады.
Ақуыздар – амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын жоғары
молекулалы биологиялық полимерлер. Ағзадағы барлық дерлік биологиялық
қызметтерге қатысады.
Ақуыздың бірінші реттілік құрылымы – ақуыздың бірінші реттік
құрылымында амин қышқылдары ретімен бір-бірімен ұзын тізбек құрып
орналасады. Қандай да бір ақуыздың бірінші реттік құрылымындағы амин
қышқылдарының ретімен орналасуы, басқа ақуыз молекуласында қайталанбайды.
Ақуыздың екінші реттік құрылымы – полипептид тізбегінің оралып,
шумақталып, сприаль немесе белгілі бір конформация түзу тəсілі. Бұл полипептид
тізбегінің жəне бөліктерінің арасында сутектік байланыстардың түзілуі нəтижесінде
пайда болады. Екінші деңгейдегі құрылымды сутектік байланыстар қамтамасыз
етеді.
Ақуыздың үшінші реттік құрылымы – ең күрделі құрылым. Үшінші реттік
құрылым екі пішінді болады. Глобулярлы жəне фибриллярлы. Үшінші реттік
қүрылым түзілуі кезінде амин қышқылдарының гидрофобты радикалдары ақуыз
молекуласының ішіне қарай жымырылып, ал гидрофильді радикалдары сыртқы
бетіне орналасады. Үшінші реттік құрылым түзу кезінде ақуыз молекуласы оралып
шиыршықталып, жинақталады.
Ақуыздың төртінші реттік құрылымы – бұл құрылым бірнеше
полипептидтік тізбектен тұрады жəне ақуыз молекуласына тəн əрбір полпептидтік
тізбектің 1,2,3 деңгейдегі құрылымы бар. Төртінші реттік құрылым гемоглобинге
тəн, ол 4 полипептид тізбегінен жəне 4 геннен тұрады.
Аллель (гр. аllelon – бір-бірін, өзара ағ. аllelе) – геннің бірнеше баламалы
формаларының бір түрі.
Альбинизм (лат. аlbus – ақ ағ. albinism) – организмнің өзіне тəн пигментінен
айырылуы, ақ түсті ағзаның пайда болуы.
Амфидиплоид (гр. аmphi – айнала, жанында; diploos – қос; eidos – түр, ағ.
amphidiploid) – түраралық будандастыру нəтижесінде екі диплоидтық хромосомалар
жиынтығы қосылады да (2n × 2=4n), будан организм (жасуша) пайда болады. Оны
аллотетраплоид деп те атайды, себебі хромосомалардың диплоидтық екі жиынтығы
да екі бөтен түрлерден дарыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет