248
Андрогенез in vitro (
лат. аndros – еркек; гр. genesis – тегі, ағ.
in vitro
androgenesis) – аталық гаметофитті жасанды қоректік ортада (
in vitro) өсіргенде, тек
қана аталық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу үдерісі.
Андрогормондар – шауқат (сперматозоид) гармондары.
Анеуплоид (
гр. аn – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы, eu – жақсы,
əбден; ploos – еселі; eidos – түр, ағ. aneuploid) – ядро, жасуша, организм
хромосомалар жиынтығының (кариотиптің) бір немесе бірнеше хромосомаға артуы
не кемуі. Мысалы, диплоидтық хромосомалар жиынтығы
жалғыз бір хромосомаға
кемісе – моносомик, бір жұп хромосомалары жойылса – нуллисомик деп аталады.
Антигендер (
лат. аnti – қарсы, қарама-қарсы, гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ.
antygene) – иммундық жүйеде антиденелерді түзуді қоздыратын ақуыздар,
антигендер антидене түзетін затпен арнайы өзара байланысуға қабілетті.
Антидене (антитело) – иммундық жүйемен
шығарылатын ақуыздар, олар
бөтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер) əсерін тежейді.
Антисарысу (ор. сыворотка) – бөтен агенттерге
қарсы антиденесі бар
иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы.
Антральды фолликула (екіншілік фолликула) – антромумды, яғни
құрамында ооциті бар митоздағы профаза І фазасының
пахинема кезеңіндегі
фолликуласы.
Апикальдық меристеманы өсіру (
лат. apex – ұшы, гр. meristos – бөлінетін,
ағ. apical meristem culture) – өсу конусының ең жоғары ұшынан бір немесе екі
алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған
бөлігін залалсыздандырылған
қоректік ортада өсіру.
Достарыңызбен бөлісу: