126
2. Рекомбинация.
3. Мутация.
4. Сұрыптау.
Бұл
принциптердің барлығы in vitro жағдайында жүзеге асырылады.
Жасушаларды
in vitro жағдайында өсіру əдісі генетикалық базисті кеңейтуге,
селекция үдерісін жеңілдетуге жəне түзетуге, генетикалық алуан түрлілікті байытуға
жəне тіпті табиғатта бұрын-соңды болмаған жаңа формаларды жасауға
мүмкіншіліктер ашады. Жасушадан өсіру əдісі арқылы генетика тұрғысынан
өзгертілген өсімдіктерді, дағдылы селекциялық əдістеріне қарағанда едəуір
тезірек
алуға болады. Пробиркада өткізген ұрықтану жəне ұрықты өсіру əдістері арқасында,
тектері алыс өсімдіктерді будандастыру кезіндегі кездесетін сəйкессіздікті жеңіп,
өміршең, түраралық жəне туысаралық будандарды шығаруға болады. Сонымен,
жыныс жолымен будандаспайтын өсімдіктерден денелік жасушаларын (сомалық)
будандастыру арқылы будан алуға болады.
Протопластар қабығы жоқ жасушалалар екендігі белгілі. Олар белгілі
жағдайда бірімен-бірі құйылысып, қосылып будан жасушасын түзеді. Осы
жасушадан кейін будан өсімдік пайда болады. Тікелей ДНҚ-дық деңгейінде
өткізілетін жасанды өзгерістер арқылы нəсілдік қасиеті өзгерген өсімдіктерді, тіпті
мүлде жаңа формаларды шығаруға болады. Өсірген
жасушаларда мутацияларды
қоздырып, оларды сұрыптап алып, кейін регенерант өсімдіктерін шығару –
генетикалық базисті (гендік қорын) кеңейтудің бір жолы. Бұны
жасуша деңгейінде
өткізілетін селекция деп атайды. Шаруашылық үшін ең маңыздысы, осы əдіспен
жоғары жəне төмен температураға, тұздарға, гербицидтерге, патотоксиндерге
төзімді мутант жасушаларын сұрыптап алу болып табылады. Сондықтан, селекция
үдерісінің тиімділігін
арттыру бағытында
in vitro технологияларының
мүмкіншіліктері зор деп есептелінеді. Бірақ бұл технологиялар генетика мен
селекциялық жұмыстардың дағдылы əдістерімен үйлестірілгенде ғана, барынша
бірдей регенерант өсімдіктер негізінде, алғашқы каллус арқылы алынады. Қайта-
қайта
көшірілген
каллуста, өздігінен
өткен
мутагенездің
арқасында
цитогенетикалық
əртектілік
байқалады. Осындай
каллустан
алынған
регенеранттардың бастапқы материалдан елеулі айырмашылықтары болады.
Мұндай өсімдіктер денелік (сомалық) варианттар деп аталады. Олар селекцияда
өсімдіктердің генофондын кеңейтетін жаңа формаларын алу үшін пайдаланылады.
Қазіргі кездері, сирек кездесетін немесе
жоғалып бара жатқан өсімдік
түрлерінің генофондын сақтап қалу үшін жəне селекцияға бағалы обьектілері мен
қосымша заттарды бөліп шығаратын құнды жасуша штаммдарын сақтау мақсатында
– гендер банкін жасау əдістері жете зерттеліп жатыр.
Гендер банкісінің негізгі мəні –
өсімдік жасушаларын сұйық азотта (t˚-196
0
С) ұзақ сақтаудан тұрады. Қазірдің өзінде
осындай жолмен сақталған көптеген өсімдіктердің өте қатты мұздатылған жеке
жасушаларынан, еріген соң бөліне келе морфогенез
арқылы ұрық бере алатын
өсімдіктерді алуға болады.