Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет133/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

In vivо жағдайында өсіру – аралық реципиенттерін пайдалану арқылы өсіру
əдісі.
Іздеуші аталық – күйіті келген аналықты анықтау үшін қолданылатын еркек
малдар.
К
Каллус (лат. callus – қалын тері, ағ. callus) – ұлпа, өсімдік жасушаларының
ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болатын ұлпа.
Капацитация – аналықтың жыныс мүшесінің ішіндегі аталық ұрық
жасушалары – сперматозоидтардың ұрықтандыру қабілетінің артуы (жұмыртқа
түтікшесінің қабырғасы жəне қынаптан бөлінетін шырыштардың əсерінен).
Кариогамия – екі гаметаның ядролық материалдарының бірігуі.
Кариотип (гр. karyon – жаңғақ, жаңғақтың дəні) – организмдегі
хромосомаларына тəн белгілерінің жиынтығы, ол хромосомалар саны, пішіні,
мөлшері, өлшемі жəне морфологиялық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Катализатор – ағзада жүретін химиялық реакциялардың бағытын өзгертетін
немесе жүру қарқындылығын арттыратын арнайы молекулалар.
Катетерлер
– қолдан ұрықтандыру мен эмбриондар тасымалдауда
қолданылатын арнайы істік тəріздес құрал.
Кері мутация (реверсия) (лат. reversio - қайту, қайтып келу) – организмнің
мутант күйінен, бірнеше мутациялардан кейін, «жабайы» (қалыпты) фенотипке
қайта келуі.
Кері транскрипция – РНҚ молекуласында комплементарлыққа сəйкес ДНҚ
молекуласының синтезденуі.
Кетгут – операциядан кейінгі жараны тігуге арналған, ұсақ малдың
ішектерінен жасалынуы себепті, ағзамен біте қайнасып кете алатын хирургиялық
жіп.
Клон (гр. clon – ұрпақ, бұтақ, ағ. clone) – қоректік ортада жалғыз бір
жасушадан көбейген жасушалар тобы.
Клондау (ағ. cloning) – құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНҚ-ы
молекуласы бар, бактериялық жасушаларды агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары
қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір жасушаның ұрпағы деп түсіну
керек, оның барлық жасушаларының құрамында бір типті рекомбинанттық ДНҚ
молекуласы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет