259
Комплементарлы ДНҚ (лат. complementum – қосымша, үстеме) – ферменттер
қатысуы арқылы жасанды жолмен (қолдан) синтезделген иРНҚ-ның көшірмесі
(кДНҚ).
Комплементация генетикалық (ағ. genetic complementation) – будан
жасушалар ішіндегі əрекеттесу негізінде, ақауы бар гендердің фукциясын өз
қалпына келтіруі.
Комплементация физиологиялық (ағ. physiological complementation) – будан
жасушалардың белгілі бір жағдайларда көбеюге жəне морфогенезге қабілеттілігін
қалпына келтіруі, ал сондай жағдайда ата-аналық жасушалардың ондай қабілетін
көрсете алмауы; мұндай жағдайда ата-аналық жасушалардың ақаулығы қандай
болсын бір мутацияларымен байланысты емес.
Корреляция (өсімдікке байланысты) (лат. correlation – ара қатыс, байланыс) -
өсімдік мүшелерінің үйлесімді əрекеттесуі, ол метаболиттермен (трофикалық К.)
немесе фитогормондармен (гормондық К.) реттеледі жəне жалпы өсімдік
организмінің үйлесімді өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Криобиология – төменгі жəне өте төменгі температуралардың биологиялық
обьектілерге тигізер əсерін зерттейтін биологияның бір бөлімі.
Криоконсервация – төменгі жəне өте төменгі температуралар арқылы
гаметалар мен эмбриондарды сақтау əдісі.
Криопротектор (гр. kryos – суық, аяз, мұз, лат. protector – қорғаушы, ағ.
cryoprotectant) – жасушаның мұздап қату нүктесін төмендетіп, жасуша ішіндегі
сумен байланысып, жасушаны механикалық жəне осмостық бүлінуінен қорғайтын
зат.
Достарыңызбен бөлісу: