Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет135/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   152
Күйітті синхронизациялау – эструстарының бірдей мерзімде өтуі үшін, бір
топ ұрғашы дараларға гормональды дəрмектер арқылы əсер ету əдісі.
Күрделі ақуыздар – протеидтер, олар екі бөліктен тұратын ақуыздар. Жəй
ақуыздан жəне ақуыз емес бөліктен, оны протоэтикалық топ деп атайды.
Күшті промотор – РНК-полимеразасы үшін өте жоғары қабілетке ие, өзіндік
ерекшелігі бар индивид.
Қ
«Қалыптасқан» жасушаларды өсіру (ағ. «habitual» cell culture) -
«қалыптасқан» жасушалар редифференциялану немесе каллус ұлпаларының
мутациясы арқылы пайда болады; олардың негізгі белгісі – ол фитогормондар жоқ
қоректік ортада өсуге қабілеттілігі.
Қолдан ұрықтандыру – генотиптерді қарқынды түрде жақсарту
мақсатындағы сұрыптау жұмыстарында құнды малдардың ұрықтарымен
аналықтарды жаппай ұрықтандыру.
Қоректік орта (культуралды орта) – құрамында жасушаның тіршілігі үшін
қажетті барлық компоненттері болғандықтан, биологиялық жүйелердің өсіп дамуын
қамтамасыз ете алатын орта.
Қосымша метаболиттер (ағ. secondary metabolites) - өсімдік жасушаларында
түзілетін, бірақ олардың тіршілігі үшін аса қажет емес заттар.
Құрылымдық ген (ағ. structural gene) – құрамында басқа биополимерлер
(ақуыз, РНҚ-ы) құрылымы туралы информация бар нуклеотидтер тізбегінің бөлігі;


260
бірақ бұл ұғымға геннің экспрессиясын реттейтін сигналдардың нуклеотидтер
тізбегі кірмейді.
Қынап айнасы – қынапты немесе жатырдың қынап бөлігін зерттеуге немесе
қолдан ұрықтандыруда қолданылатын арнайы құрал.
Л
Ламинарлы бокс – гаметалар жəне эмбриондармен жұмыс істегенде олардың
толықтай оңашалануы мен стерилдігін қамтамасыз етуге арналған қондырғы.
Лапоратомия – көбею мүшелеріне еркін қол жеткізу мақсатында теріні қарын
тұсынан арнайылап жару (тілу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет