1-топ студенттері «Экономикалық тәрбие беруде қолданылатын ойын тҥрлері, оларды қолдану ерекшеліктері мен маңызы»
2-топ студенттері «Экономикалық тәрбие беуде жобалық әдісті қолдану және оның маңызы», 3-топстуденттері «Қазіргі уақытта экономикалық тәрбиенің әлемдік деңгейдегі ӛзектілігі» тақырыптарына эссе жазады. Жҧмыс соңында ҥздік эссе анықталады. 3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС 5 Кесте толтыру «Мен ҥйрендім» Студенттер ӛз орындарынан «Мен үйрендім» кестесін толтырады. Сабақ қорытындыланады.
Кесте - «Мен ҥйрендім»
«Экологиялық тәрбие» Қазіргі кезеңде экологиялық апат қаупінің алдын алатын, жедел табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізу кӛкейкесті проблемалардың бірі болып тұр. Жергілікті материалдар мен экология туралы жалпы мәліметтерге қосымша табиғатқа кӛмек қажеттігін түсіндіру - педагогтың тікелей парызы.
Экологиялық тәрбие жұмысының негізі – табиғатты қорғау ниеттерін іс жүзінде іске асыру. Ӛмір бір жақты экологиялық тәрбие ісімен шектелмей, оларды үздіхсіз табиғат қорғау әрекетімен байланыстыру, еңбек тәрбиесімен ұштастыруды талап етеді. Осыған орай тәрбие ісі бастауы экология туралы білімдерге, яғни қажетті ақпаратгарды қабылдау, талқылау, түсіну.
Бұл істің кӛзі адам ӛмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, ӛсімдік. Аймақ қажеттігі жергілікті табиғат жағдайы тәрбие ісі бағытын, түрін, оны үйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын анықтайды (жасыл патрулдер, орман достары, аңдар мен құстар қорғаушылар тобы). Егер білім алушы ӛзінің ертеңгі күні, ӛзімен бірге достары және жақыңдарының бақыты қоршаған ортадағы ауаның, судың тазалығына байланысты екенін түсінсе, жасыл желек пен ағын суды таза ұстауға кӛмек тигізсе, ол табиғатты қорғаушылар қатарында болғаны. Тӛменде осы тақырыпқа дәріс жоспары беріледі.
Тақырыбы: Экологиялық тәрбие
Мақсаты: эстетикалық тәрбие, оның мақсат-міндеттері, эстетикалық тәрбиенің принциптерін, формалары және құралдарын меңгерту.
Ӛткізу әдістері: Диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, «Т кестесі», «Еркін жазу» стратегиялары.
Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:
Экология термині, экологиялық тәрбие туралы түсінік алады;
Экологиялық сана ұғымын меңгере отырып, оның атқаратын қызметтері жӛніндегі білімді игереді;
ЖББМ-де экологиялық тәрбие беру мен экологиялық сананы қалыптастырудың негізгі формаларын, жолдарын, экологиялық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезеңдерін меңгереді.
Материалға сын кӛзбен қарауға үйренеді.
Дәрістің мазмҧны: Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы түсінік.
Экологиялық сана және оның қызметтері. 3. Мектепте экологиялық тәлім беру мен оқыту жүйесі.
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ Жаттығу «Ассоциация» стратегиясы.
Қарастырылатын ұғым: «Экология». Студенттер бұл ұғым жӛнінде ӛз ой, пікірлерін білдіреді. Айтылған ой, пікірлер тақтаға жазылып тұрады (сурет 1).
Сурет 1.
2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ Ауызша сҧрақ мағынасын ашу
Студенттердің пікірлері тақтадағы суретке түсірілген соң 1сұрақтың мағынасын оқытушы ашады.
1. Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы тҥсінік Лектор сӛзі (Слайд 1): «Экология» ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э. Геккель қолданды. Бұл ұғым гректің «ойкос» – (үй немесе тұрғын үй/ жилище/) және «логос» (ой /мысль/), яғни, «тұрғын үйді ойлау» деген ұғымнан пайда болса керек.
Қазіргі кезде «экология» ұғымына анықтамада:
Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім.
Экология – жануарлар ӛсімдіктер, микроорганизмдердің ӛзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биологияның құрамдас бӛлігі.