Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет17/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Қазақстанда жоғары білім беру жҥйесін реформалаудың негізгі сатылары.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері жоғары білім беру жүйесін реформалау сатыларын шартты түрде былайшы бӛлуге болады:
Бірінші саты (1991-1994 жж.) заңды және нормативтікқұқықтық базаның қалыптасуы. Бұл сатының негізгі міндеттері мамандар даярлау республиканың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, нарық экономикасы, облыстар мен аймақтар қажеттіліктерін ӛтеу мақсатында жоғары білім беру мекемелерінің жүйесін құру және жоғары білім берудің мамандықтарын жаңарту.
1994 жылы Қазақстан Республикасының жоғары білім берудің Мемлекеттік Стандарты бекітілді, ол алғаш рет елдегі жоғары білімнің кӛпсатылы құрылымын, бакалавр және магистр академиялық деңгейлерін жүргізуді анықтады.
Екінші саты (1995-1998 жж.) – жоғары білім беру жүйесінің модернизациясы, оның мазмұнын жаңарту.
Бұл саты жоғары білім беру жүйесінің дамуының концептуалды анықтамасымен сипатталады, ол 1995 жылы 4 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік саясаты бойынша Ұлттық кеңестің бекітуімен білім беру саласының мемлекеттік саясатының Тұжырымдамасында кӛрініс тапқан. Ол жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа нормативтік құқықтық ережелердің қабылдануымен сипатталады. 1995 жылдан 1997 жылдар аралығында жоғары кәсіби білім берудің 310 мамандықтары бойынша алғашқы қазақстандық білім беру стандарттары қабылданады. 1996 жылы 342 мамандықты қарастыратын Қазақстан Реғспубликасының жоғары білім беру мамандықтарының классификаторының (тізім) жаңа баспасы бекітілді. Білім берудің мемлекеттік емес секторы қарқынды дамиды.
Ҥшінші саты (1999-2000 жж.)– білім беруді басқару және қыржыландырудың орталықтандырылуы, білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігінің кеңеюі.
Бұл сатыда білім беру ұйымдарының басқару жүйесі шынайы түрде орталықтандырылады. Жоғары оқу орнына қабылдау принциптері толықтай ӛзгереді, жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау мемлекеттік білім беру тапсырыстары негізіне кӛшеді. 1999 жылдан талапкерлерге мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім несиелері бойынша конкурстық негізде қабылдау жолымен жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.
Тӛртінші саты (2001-2004 жж.)- жоғары және орта білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы.
ХХІ ғасырда жоғары кәсіби білім берудің дамуының негізгі бағыттары анықталды. Кәсіби білім беру мазмұнына кәсіби ісәрекетке даярлықты қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылар жүйесі ретінде келесілер кіреді:

  • ұғымдар, ережелер, табиғатта, қоғамда, мәдениетте және техникада болып жатқан құбылыстарды түсіндіретін алгоритмдер мен қазіргі теориялар сомасы;

  • заттар, еңбек үрдісінде қолданылатын еңбек құралдары мен механизмдері туралы білімдер сомасы;

  • кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға кепілдік ететін іс әрекет тәсілдерін оқыту.

Кез-келген маманды даярлау мазмұны педагогикалық жүйенің басты бӛлігі болып табылады. Оқыту мазмұны түрлі қызметтер атқарады:

  • Ақпараттық;

  • әдістемелік;

  • оқыту;

  • дамыту;  тәрбиелеуші.

Маманның кәсіби даярлығының мазмұны келесі бағдарламалы құжаттарда кӛрініс тапқан:

  • Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру

стандарты;

  • Ұлттық аймақтық компонентті білім беру стандарты;  Нақты мамандықтардың оқу жоспарлары;  Жеке пәндердің оқу бағдарламалары.

Стандарт (лат.standart-норма, үлгі) кең мағынада үлгі, эталон, модель деген білдіреді. Кәсіби білім берудегі стандарттың қажеттілігі түрлі оқу орындарындағы кәсіби оқытудың мазмұны мен сапасының базалық талаптарын тәртіптеу қажеттілігімен байланысты. Кәсіби білім беру стандартының болуы мынаған мүмкіндік береді:

  • біліктіліктің базалық деңгейін орнату, оқытудың түрлі сатыларында маманды даярлаудың базалық деңгейін орнату;

  • кәсіби оқытудың сапасын бейінді кеңейту есебінен арттыру, білім берудің мазмұнын, қолданылатын педагогикалық технологияларды, оқытудың тәсілдері мен әдістерін универсализациялау;

  • кәсіби білім берудің мемлекет ішіндегі және одан тыс конвертациялауын қамтамасыз ету;

  • білім алушылардың құқығын ретке келтіру және

  • кәсіби даярлау және кәсіби білім беретін түрлі оқу орындарының жауапкершілігін арттыру;

  • үздіксіз білім беру жүйесіндегі кәсіби білім берудің әрбір деңгейін орнын орнату.

Кәсіби білім беру стандарты халықаралық, мемлекеттік және аймақтық болуы мүмкін. Мемлекеттік білім беру стандарты білім беру кеңістігінің бірлігін сақтауға, үздіксіз білім берудің мүмкіндігін, академиялық ұтқырлықты, қаржы және материалдық ресурстарды рационалды жұмсауды қамтамасыз етеді. Стандарттар тұлғаның мемлекеттің тапсырыстарына, оларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес болуы қажет және жеткілікті түрде қатаң үлгілерге сүйенетін технологиялық құралдарды игеру қажет.
2004 жылдың ақпанында Қазақстан үкіметі 2015 жылға дейінгі ҚР білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын қолдады. Тұжырымдама негізінде «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» жасалды. Бағдарлама жалпыұлттық ұстаным ретінде білім берудің анықтайды, Қазақстан Республикасының білім беру саясатын ұзақ мерзімге жүзеге асырудың ұйымдастыру негізін құрады және заңға, қаржыландыру жүйесіне, білім беру мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім берудің басқару жүйесіне мамандық және әлеуметтік саясатқа ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылды. Бағдарламада дамытудың келесідей негізгі бағыттары кӛрсетілген:

  • 12-жылдық жалпы орта білім беруге кӛшу. Жоғары сынып оқушыларын салалық және кәсіби бағдарланған оқыту жүйесін енгізу.

  • Жаңа саты –орта білімнен кейінгі кәсіби білім енгізу;

  • Кәсіби мамандарды даярлаудың үшдеңгейлі жүйесімен қамту: бакалавриат-магистратура- докторантура (PhD);

  • Білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру.

Сонымен қатар, білім берудің ұлттық жүйесіне жаңа саты «Орта білімнен кейінгі кәсіби білім беруді» енгізеді. Бұл сатыда тек орта жалпы білім беру базасында экономика, құқық, экология, әлеуметтану, психология, медицина, ақпараттық технологиялар және иннновациялық менеджмент саласындағы қызмет кӛрсету басқару еңбегінің орта буын мамандарын даярлау жүзеге асырылады. Бұл деңгейдегі білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіби бағдарламамен қоса, жоғары оқу орындарының бакалавриавтының 1-2 курстарында білім беру бағдарламаларымен кіріктірілген пәндер енеді. Оқу аяқтағаннан соң қызмет кӛрсету және басқару еңбегінің кіші маманы деңгейінде біліктілік беруледі.
Орта буын мамандарын даярлайтын колледждердің мәртебесін жоғары деңгейге кӛтеру орын алуда. Енді колледж түлектері туыс мамандығы бойынша жоо үшінші курсына түсуге мүмкіндік ала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет