Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет14/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Ӛздігінен білім алу – адам білімін, дағдысын, біліктілігін тереңдету мақсатындағы іс-әрекеті.
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу- қоғам талабына сәйкесті адам бойында жағымды сапаларды қалыптастыру және теріс сапалардың алдыналуға мақсаттты түрде бағытталған іс-әрекет.
Педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя отырып, тiкелей байланысатын бiрден-бiр ғылым. Педагогикалық iс-әрекеттi жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сӛз жоқ бӛтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен құндылығын таңдап алуы керек. Тағы да К.Д.Ушинскийге жүгiнсек: «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол бәрiнен бұрын оны барлық жағынан бiлуi керек». Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын жасау, кешендi педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны, формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың ӛзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет.
Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi, олардың қызметiндегi сабақтастық – бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi. Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше кӛкейтестi және қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк, мәдени аймақта даму тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк қажеттiлiгiнiң динамикасына байланысты пайда болуда.
Қазіргі кезде жоғары білімнің даму тенденциялары
Әлем елдеріндегі білім берудің даму мәселелеріне арналған кӛптеген зерттеулердің нәтижелері әлемдегі жоғары білім берудің даму заңдылықтарын бӛлуге мүмкіндік береді.
Бірінші заңдылығы – жоғары білімнің жалпылығының күшеюі. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы қырық жылында бүкіл әлемде студенттердің санының едәуір ӛсуі байқалды:
Екінші заңдылығы – жоғары білім берудің жһандануы. «Жоғары білім берудің жаһандануы» термині қазіргі педагогиканың жаһандану мәселелерімен байланысты ұғымдықтерминологиялық аппаратында пайда болды, ол ХХ ғасырдың үшінші жартысында әлемдік әлеуметтік мәдени мәселесінде алғашқы орынға шығып, адамзат құндылықтарының шкалаларын қайта құруға бастау болды.
Жаһандану тенденциясы ғылымға да ӛзгеріс енгізбей қоймады. Зерттеушелірдің белгілеуінше, дифференциалды білімдердің күрделі ӛзара әрекеттесетін ғылыми жүйеге бірігуін белгілейді, ал болашақта жеке ғылымдардың синтезі В.И.Вернадскийдің «бірегей ғаламдық ғылым» туралы ойы жүзеге асады.
Жаһандану шынайы құбылыс ретінде білім беруде кӛрініс таппай қоймады, Кәсіби білім беруде кӛбіне оның жаратылыстану ғылыми және арнайы кәсіби білім аксиологиясы, кәсіби білім экологизациясы, маманның биосфералық жауапкершілігі және т.б. кӛріністерін белгілейді. Білім берудегі жаһандану тенденциясын қарастырғанда мультимәдениетті білім беру тұырымдамасы ӛзекті орын алады, оның аясында білім берудің мазмұнының интеграциясы жүзеге асырылады, Білім берудің барлық ұлттық жүйелері ӛзінің ішкі міндеттерін шеше отырып, жалпы мәдени кеңістікті мультимәдениет, ӛзара байытылған кеңістік ретінде құрайды.
Зерттеушілер белгілегендей, қазіргі таңда кӛпдеңгейлі ағылшын саксон білім беру жүйесінің әлемдік экпансиясы және жаһандық білім беру мегажүйелері байқалады. Бірқатар зерттеушілер бұл тенденцияны жоғары білімнің «вестернизациясы» деп атайды.
Ҥшінші заңдылық – білім берудің ашықтығы мен вариативтілігінің күшеюі. Қазметтердің барлық салаларындағы жүріп жатқан жаһандану үрдістері, телекоммуникацияның мықты құралдарының дамуы жоғары білім берудің әр түрлі форматтағы ресурстарға: қашықтан оқыту, экстернат, кешкі білім беру және т.б.
қол жеткізуге жағдай жасады.
Тӛртінші заңдылық – жоғары білім берудің диверсификациясы. Жоғары мектептің дамуы қазіргі даму кезеңі үшін білім берудің модельдерінің кӛптүрлілігінің артуы тән. Бұл әлемдегі жоғары білім беру жүйесі қызметінің түрлі аспектілеріне қатысты. Бұл жоғары мектептің мекемелерінің түрлерінің алуан түрлілігі (нормативтік-құқықтық мәртебе, меншік формалары және т.б.) және студенттердің «білім беру маршруттарының» диверсификациясы (күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтан; экстернат, «виртуалды колледждер»; элективті курстар және т.б.).
Қарастырып отырған заңдылықтың жеке кӛрінісі ретінде білім беру үрдісінің жекеленуін жатқызуға болады, оның деңгейі студенттің оқу үрдісінің ұйымдастыру формасын, оқу курсын, оқытушыны, оқу уақыты мен орнын, оқыту технологияларын, оқу материалдарын және т.б. таңдаудағы «еркіндік деңгейінің» санымен анықталады.
Білім беру мазмұны саласында бұл заңдылық мазмұн плюрализациясы ретінде кӛрініс табады: әр түрлі кӛзқарастар жағдайында түрлі реакциялардың кӛрінуі және салыстырылуы, консенсусты іздеу және оның негізінде сыни тұрғыдан ойлауды және т.б.дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет