Білім беру мазмҧны – педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық ісәрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдыққұндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Білім берудің мазмұны білім алушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуын қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы ӛз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге кӛзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.
Дәстүрлі педагогика адамның әлеуметтік мәнін ғана мойындайды, одан білім беру мақсаты болып әлеуметтік маңызды сапаларды қалыптастыру, адамның қоғам мүшесі ретінде дамыту келіп шығады. Білім берудің тұлғалық-бағдарлы мазмұны тұтас адамның дамуына бағытталған: оның табиғи қабілеттерін (денсаулығын, ойлау, сезіну, әрекеттену қабілеттері); оның әлеуметтік қасиеттерін (азамат, жанұя қожайыны, еңбекқор болу) және мәдениет субъектісінің қасиеттерін (еркіндігін, ізгіліктілігін, руханилығын, шығармашылығын). Мұнда әрі табиғи, әрі әлеуметтік, әрі мәдени бастауларды дамыту жалпыадамзат, ұлттық және аймақтық құндылықтарға ие білім беру мазмұны контекстінде жүзеге асады
Білім берудің тҧлғалық-бағдарлы мазмҧны педагогикалық білім беруді үш ӛзара байланысты және ӛзара толықтырушы бағыттарды қарастырады. Бірінші бағыты педагогикалық білім берудегі пәндік дайындықтың орны және ролін қайта ойластырумен байланысты. Алдыңғы қатарлы парадигмаларға қарағанда педагогикалық білім беру («Ӛз пәнінді біл және оны анық айт», «Оқыту әдістемесін біл және оған мүлтіксіз бағын») бұл тұжырымдама «Оқушыны дамыту тәсілі ретінде оқыту пәнін жаса» парадигмасын ұсынады. Екінші бағыты студенттің ӛзіндік оқу әрекеті және оның тұлғалық педагогикалық ұстанымының құрылу қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу жолдарын қарастыру. Білім беру мазмұнында берілген қарама-қайшылықты шешу мүмкіндіктері түрлі рефлексия формаларының құрылуы, оқу формаларын құрастыру, біртұтас білім беру үдерісі ретінде байланыстыратын (жеке оқу іс-әрекеті), сондай-ақ оның түсінуі және зерттеу жұмысы. Үшінші бағыт педагогикалық білім берудің түрлі сатыларында оқытушының іс-әрекетінің ӛзгерісін талап ететін мазмұн: педагогикалық технологияларды және білімді «таратушыдан» «шебер» жұмысына дейін, студенттерде
педагогикалық қабілеттерді қалыптастыру мақсатында біріккен ісәрекетті ұйымдастыру, «кеңесші» ұстанымына дейін, студентпен біріге отырып оның болашақ кәсіби іс-әрекетін жобалау.
Білім беру мазмҧнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне тӛмендегілер жатады:
ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен кӛрініс табатын ғылымилығы;
әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан туындайтынын кӛрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан
тұратын бірізділік;
тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен кӛрініс табуы;
жҥйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және ӛзара кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.
білімнің шынайылығын практикада бекітудің әмбебап құралы ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің әсерін тексеру тәсілі ретінде ӛмірмен байланыстылық принципі;
меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да болмасын жүйелерінің білім алушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшелік мҥмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал тым жеңіл болса, онда білімде, танымдық процесстер де ӛте баяу, мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.
оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері анықталатын тҥсініктілік принципі.