Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет43/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153
Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:

  • ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие үрдісінің заңдылықтарының негізінде құру;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді тиімді арақатынаста жүзеге асыру;

  • білім алушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып ӛнімді танымдық іс-әрекетке қажетті жағдайды қамтамасыз ету;

  • білім алушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;

  • бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, білім алушылардың даму деңгейіне сүйену;

  • тұлғаның барлық аясын дамытуды ӛзектендіру және белсендету;

  • оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалық байланысы және эмоционалдылығы;

  • педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;

  • ӛмірмен, ӛндірістік іс-әрекетпен, білім алушының жеке тәжірибесімен байланыс;

  • практикаға қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;

  • оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім кӛлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;

  • әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалушы және жоспарлау.

Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

  • әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл анықтау;

  • сабақтың ақпараттылығын реттеу, әлеуметтік және жекелік сұраныстарды ескере отырып тиімді мазмұнды таңдау;

  • танымдық іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу;

  • оқытудың әр қилы түрлерін, формалары мен әдістерін тиімді ұштастыру;

  • сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық

ыңғай;

  • білім алушылардың әр түрлі ұжымдық іс-әрекетінің формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру;

  • жедел кері байланысты, әрекетті қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • сабақты ӛткізудегі ғылыми есеп және шеберлік.

Сабаққа қойылатын тәрбиелеушілік талаптар:

  • сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;

  • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын

тәрбиелік міндеттерді қою;

  • білім алушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;

  • білім алушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу;

Сабаққа қойылатын дамытушылық талаптар:

  • оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті қалыптастыру;

  • білім алушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;

  • сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;

  • білім алушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;

Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлықгигиеналық, этикалық т.б.
Сабақты жіктеудің негізіне оқу мақсаты, оны ӛткізудің әдісі немесе оқыту үрдісінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.
Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:  кіріспе сабақтар

  • материалмен бастапқы таныстыру сабақтары

  • ұғымдарды қалыптастыру, заңдарды орнату сабақтары

  • алған білімді практикада қолдану сабақтары

  • дағдылар сабағы

  • жалпылау және қорытындылау сабақтары  бақылау сабақтары  аралас сабақ.

Оқу орыны тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет