Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет45/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Жалпылау немесе қайталау сабағының қҧрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндетін қою; оқу материалын жалпылау және жүйелеу; сабақтың қорытындысы және үйге тапсырма.
Бұл сабақтың ерекшелігі және күрделілігі мынада: оқу материалының шеңберін дәл анықтау, негізгі ұғымды, ережені, идеяны, шебер бӛлу, сәйкесті жаттығуларды таңдау. Қайталауда сабақтың тәрбиелеушілік жағына үлкен мән беріледі. Мұнда оқу материалы кӛп дәрежеде қызықты фактілермен, оқиғалармен, сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі педагог аз түсіндіреді де кӛбіне білім алушылардың танымдық іс-әрекетін басқарады.
Аралас сабақтың қҧрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру. Сабақтың бұл типі бүкіл элементтердің комбинациясын құрайды. Әрбір бӛлімі басқалардың арасында тең бағалы мәні бар. Сабақтың осы типі бастауыш мектепте жиі қолданылады.
Қадағалау сабағының қҧрылымы: тексерудің мақсатын түсіндіру және жұмысты ұйымдастырудың нұсқауын беру; бақылау тапсырмасының мазмұнымен және оны орындаудың тәсілімен таныстыру; білім алушылардың дербес жұмысы; сабақтың нәтижесін бастапқы қорытындылау. Сабақтың басы нұсқаудан және білім алушылардың жұмысқа даярлығын тексеруден басталады. Бірден бақылау жұмысының сипатын айтып, қандай білімдер, қандай тақырыптар тексерілетіні хабарланады. Педагог білім алушыларға ойлау іс-әрекетінің жолдарын кӛрсетеді: теориялық талдауды қалай қолдануға болатындығын, теорияны практикалық жұмыспен байланыстыруды, ӛзін-ӛзі қадағалаудың тәсілдері т.б. Әдетте үй тапсырмалары берілмейді. Бірақ әдебиет тізімін, іздеушілік сипаттағы тапсырмаларды беруге болады.
Оқытуды ҧйымдастырудың дәстҥрлі емес формаларының пайда болуы және оларды талдау
ХХ ғасырдың 80 жылдарында түсіндірмелі-иллюстративтік оқытудың тұтқасы – сыныптық-сабақтық жүйе қоғамның жаңа талаптарына сай болу үшін жетілдіруді талап ететіні белгілі болды. Осы жүйені модернизациялау кезінде дәстүрлі емес сабақ пайда болды. Онда білім алушыларды белсенді позицияға қойып, сабақты даярлап ӛткізуде іс-әрекетке қосып, ойындық, жағдайды шешушілік, жарыстық функцияларды жүзеге асырады.
Дәстүрлі емес сабақты ӛткізуде мынадай сұрақтар пайда болды: жалпы сабақтар жүйесінде алатын орны, функциясы, оны таңдап алу шарттары, қойылатын талаптары қандай, мұндай сабақтарды талдау немен ерекшеленеді т.б.
Дәстҥрлі емес сабақ – бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы.
И.П.Подласыйдың, Г.К.Селевконың т.б. еңбектерінде дәстүрлі емес сабақтардың 30 астам түрі келтірілген.
Сабақтың дәстҥрлі емес технологиясына жататындар:

  • пәнаралық байланысқа негізделген интегралды сабақтар;

  • жарыс және ойын формасындағы сабақтар: байқау, турнир, іскер немесе ролдік ойындар;

  • қарым-қатынастың кӛпшілік формаларын имитациялау

сабақтары: пресс-конференция, аукцион, ауызша журнал т.б.;

  • мемлекеттің және ұйымдардың іс-әрекетін имитациялауға негізделген сабақтар: сот, парламенттегі дебаттар;

  • қоғамдық-мәдени шараларды имитациялаудың сабақтары: ӛткенге сырттай экскурсия, жорық, әдеби серуен;

  • сабақтан тыс дәстүрлі формаларды сабақ шеңберіне енгізу, кӛңілділер, тапқыштар клубы, «Не? Қайда? Қашан?», инсценировка.

Дәстүрлі емес сабақтар қандай дидактикалық міндеттерді шешуде қолдануға болады деген сұраққа, іскерлікті және дағдыны қалыптастыруға, білімді жалпылау және жүйелеуге, қайталау және бекітуде, бақылау-тексеруде қолдануға болады деген қорытынды жасаймыз. Ал, интегралды және конференция сабақтары арқылы жаңа білім меңгеру міндетін де шешуге болады. Сонда дәстүрлі емес сабақтар оқытудың басты формасы – дәстүрлі сабақтардың функцияларын атқарып, оның кӛмекші формасы болады.
Дәстүрлі емес сабақтың түрін таңдап алғанда тақырыптың мазмұнын, білім алушылардың даярланғандық дәрежесін, материалдық базаны, педагогтің мүмкіншілігін, оқулықтардың, кӛмекші оқу құралдарын т.б. есепке алу керектігін тәжірибе кӛрсетті.
Кӛптеген қазақ оқу орынытерінде жұмыстың топтық формасы бар сабақтарды, театрландырылған, ойын сабақтарын ӛткізуге жағдай жоқ. Ӛкінішке орай, біраз білім алушылардың білім деңгейінің тӛмендігі іскер ойындар, шығармашылық, «сот» т.б. сабақтарды ӛткізуге қолбайлау болып отыр. Зерттеу, түпдеректі талдау, бинарлық (қосарланған( сабақтарды ӛткізейін десе оқулық, қосымша оқу құралдары жетіспейді.
Дәстүрлі емес сабақтарға дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б. талаптар қойылады. Кейбіреулерін кӛрсете кетелік:

  • білім алушылардың қызығушылығын, ықыласын т.б. ескере отырып дәстүрлі емес сабақты ӛткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз ету;

  • білім алушының барлық аясын дамытуға себептендіру және белсендету жұмысын жүргізу;

  • дәстүрлі емес сабақта жедел кері байланысты, пәрменді қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • педагогикалық әдепті сақтау, білім алушылармен қарымқатынасты, бірге іс-әрекет жасауды жоғары дәрежеде жүргізу;

  • білім алушылардың дамуында жаңа сапалы ӛзгерістерді жүзеге асыруды стимулдау.

Дидактикада сабақты талдаудың әдістемесі баршылық.
Дәстүрлі емес сабақтар үшін, әрине, арнайы сабақ талдаудың схемасын жасаудың қажеті жоқ. Біздің пікірімізше, бар схеманың бӛлімдерін тереңдетіп, жан-жақты қолданса жеткілікті. Дәстүрлі емес сабақтарды талдағанда жалпы сұрақтармен бірге мына сұрақтарға жауап алудың қажеті бар сияқты:

  • сабақты даярлауға білім алушылардың қатысуы, белсенділігі;

  • қолданылатын жадығаттың қызығушылық, еліктеушілік

әдеттен тыс дәрежесі;

  • білім алушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың тәсілдері, жолдары қандай болды;

  • сабақ барысында білім алушыларды толықтыруға, түзетуге, рецензиялауға т.б. қаншалықты қатыстырылғандығы. Осы орайда тӛмендегі мәселелер ескерілуі тиіс:

  • оқу мазмұнының танымдық бағытталғандығы;

  • сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарының дұрыс қойылуы;

  • сабақтың мақсатына, мазмұнына сәйкесті түрін, құрылымын, оқыту әдістерін талдау;

  • оқытудың педагог мен білім алушылардың диалектикалық ӛзара байланысы екені туралы ұғымды білдіретіндігі;

  • білімді меңгеру үрдісінің құрылымын, яғни қабылдау, түсіну, ұғыну, жинақтау, бекіту, қолдануды жүзеге асыру;

  • проблемалық оқытуды сабақта іске асыру жағдайлары;

  • сабақтың әртүрлі кезеңдерінде білім алушылардың фронтальды, топтық және жеке жұмысына қатынасы;

  • сабақта оқыту мен тәрбиелеу ұстанымдарының орындалуы.

Топтармен жұмыс істеу кезіндегі сабақ оқытушылардың әбден үйреніп кеткен дәріс түрінде жүргізілетін сабақтардан мүлде ӛзгеше болады. Топтармен жұмыс істеудің қалыптасқан сабақ түрінен айырмашылығы:

  1. Студенттер сабаққа белсенді қатысады. Оқытушы барлық жұмысты жүргізіп жатқанда, олар енжар қалыпта қалмай, тапсырманы орындау үстінде болады.

  2. Студенттер жұмысқа ӛздерінің жолдастарымен бірлесе кіріседі. Сол топтың мүшесі есебінде ол да басқалардың ойы мен пікірлерін талқылауға құқылы болады. Олар бір-біріне сұрақ қояды, түрлі пікірлерін айтады, біріне-бірі қол ұшын беруге үйренеді.

  3. Кӛптеген студенттер бұл тәсілден ӛзіне қажетті пайда алады:

  • талантты білім алушылар топтың кӛңілін аудармай-ақ

ӛздерінің қабілеттерін кӛрсете алады;

  • топтарда жұмыс істеген уақытта студенттер ӛздерін еркін сезінеді. Бұрын топта байқалмайтын студент тұйыққа тірелген жағдайда ӛзінің білімін кӛрсету мүмкіндігіне ие болады. Шағын топта студент ӛзінің ешкімнен кем емес екенін, топтағы студенттердің бұның да ой-пікіріне құлақ қойып бағалайтынын кӛреді;

  • топтармен жұмыс істеу жүйесі ұяң студенттерге де кӛп пайда береді.

Топта жұмыс істей отырып, ондай жастар сенімділікке тәрбиеленеді. Олар отыз адамның кӛз алдында тұрғаннан гӛрі 3-4 студенттен құралған топта ӛздерін еркінірек сезінеді.
Топтарда жұмыс істеуге дайындықты қалай бастау керек? Топтарда жұмыс істеу әдісін сабақ барысында қолданғысы келетін бір не бірнеше әріптестер тауып алудан бастаңыз. Бәріңіз жинала отырып, сабақ жоспарын, топтарға бӛлуді және білім алушыларды шағын топтармен жұмыс істеуге дайындау мәселелерін талқылаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет