Дәріс сапасын бағалау. Сапаны бағалаудағы негізгі ӛлшемдері: мазмұны, әдістемесі, студенттердің жұмысына жетекшілік ету, дәріс білім алушыға тән сапалар, дәрістің нәтижелілігі. Олардың әрқайсысына тоқталсақ.
Дәрістің мазмҧны: ғылымилық, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанымдық жағы, әдістемелік сұрақтардың болуы, оларды дұрыс түсіндіру. Ақыл-ойды проблемді сұрақтарды қою арқылы белсендендіру және оларды дәріс барысында шешу. Сұрақтың тарихына шолу, түрлі тұжырымдамаларды кӛрсету, оның практикамен байланысы.
Дәріс және оқулық: оқулықта жоқ материал баяндалды ма? оқулықтың мазмұны қайта айтылды ма? ерекше күрделі сұрақтар түсіндіріле ме? ӛз бетімен жұмыстану үшін оқулық бойынша тапсырма беріле ме?. Ӛткен және алдыңғы материалмен байланысы, пәнаралық, пәнішілік байланыс.
Дәрісті оқу әдістемесі: дәрістің қатаң құрылымы және баяндау қисыны. Жоспардың болуы-болмауы, оны сақтау. Дәріске байланысты әдебиеттер тізімін беру (қашан беріледі, әдебиеттің градациясы). Жаңа терминдер мен ұғымдардың қол жетерлік деңгейі және түсіндірілуі. Дәлелділік және дәйектілік. Басты ойларды кӛрсету және қорытындылар жасау.
Бекіту тәсілдерін қолдануы: қайталау, зейінді, меңгеру деңгейін тексеру сұрақтары; сұрақ соңында, дәріс соңында қорытындылар жасау. Кӛрнекі құралдарды, ОТҚ пайдалану. Дәріс білім алушының тірек материалдарын қолдануы: мәтін, конспект, бӛлек жазбалар, тірек материалынсыз оқу.
Білім алушылардың жҧмысына жетекшілік жасау: конспект жазуды талап ету және оның орындалуын бақылауы. Білім алушыларға жазу әдістемесін үйретуі және кӛмек беруі: жылдамдық, жай жылдамдық, қайталау, үзіліс жасауы, графиктерді сызу.
Конспектілерді тексеру жолдары:дәріс барысында, дәрістен соң, семинар және практикалық сабақтарда жүзеге асады.
Зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдануы: риторикалық сұрақтар, әзіл, шешен сӛйлеу тәсілдері. Сұрақ қоюға рұқсат беруі (қашан және қандай формада).
Дәріс білім алушыға тән сапалар: пәндік білімі, эмоционалдығы, дауыс ырғағы, дикциясы, шешен сӛйлеу шеберлігі, сӛйлеу мәдениеті, сыртық түрі, байланыс орнату іскерлігі.
Дәрістің нәтижелілігі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік жағы, дидактикалық мақсаттарға жетуі.
Колледж және ЖОО-да дәріс формасының дамуы Отандық білім беру жүйесінің дамуы, оның ізгіліктік сипаты, жеке адамға, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы дәрістің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды. Олар: проблемалық дәріс, бірге оқылатын дәріс, дәрісвизуализация, дәріс-пресс-конференция.
Ақпараттық дәрісте дайын ақпарат хабарланса, проблемалық дәрісте жаңа білім белгісіз нәрсе ретінде ұсынылып, оны «шешу» қажеттілігі туындайды. Оқытушының міндеті – проблемалық ситуацияны тудыра отырып, білім алушыларды сол проблеманы біртіндеп шешуге итермелеу. Бұл үшін жаңа теориялық материал проблемалық міндет түрінде ұсынылады. Оның шартында қарамақайшылықтар болады, оларды тауып, шешу қажет. Оның шешілуі нәтижесінде оқытушымен біріге отырып, жаңа қажетті білім табады. Осылайша, студенттердің таным үрдісі бұл жағдайда іздену, зерттеу әрекетіне жақындатылады. Басты шарт – дәріс материалын, оның мазмҧнын таңдау және ӛңдеу барысында проблемалық ҧстанымын сақтау. Оны ашуда қарым-қатынастың диалогтық формасы қолданылады. Проблемалық дәріс арқылы теориялық ойдың дамуы, пәннің мазмұнына танымдық қызығушылық, кәсіптік мотивация, корпоративность дамытылады.
Дәріс-визуализация кӛрнекілік принципін жүзеге асырудың жаңа мүмкіншіліктерін іздеудің нәтижесі ретінде пайда болды. Бұл дәріс визуальды формаға ӛзгертілген ауызша ақпарат болып табылады. Бұнда оқытушы мазмұндық ақпарат беретін демонстрацилау материалдарын, кӛрнекіліктер (слайдтар, пленкалар, планшеттер, сызбалар, суреттер, кестелер, т.б.) даярлау қажет. Дәріс визуальды материал бойынша біріктірілген, толық комментарий беру болып табылады. Визуальды материал:
бар білімнің жүйеленуін қамтамасыз етуі керек;
жаңа ақпараттың меңгерілуін қамтамасыз етуі керек;
проблемалық ситуацияларды тудыру және шешуді қамтамасыз етуі керек;
кӛрсетудің түрлі тәсілдерін қамтамасыз етуі керек.
Оқу материалына байланысты кӛрнекілік түрлері: табиғи (минералдар, реактивтер, машиналардың бӛлшектері), бейнелі (слайдтар, суреттер, фотолар), символдық (сызбалар, кестелер).
Визуальдық дәрісте материалдың белгілі бір визуальдық қисыны және жылдамдығы, оның мӛлшері, оқытушының аудиториямен қарым-қатынас жасау шеберлігі және стилі. Бұндай дәрістің басты қиындығы – визуальдық құралдарды жасау және дәрісті оқу үрдісін даярлау. Мына жағдайларды есепке алған жӛн:
Кез-келген материал және кез-келген пән бұл формада баяндалуға келмейді. Бірақ бұл дәрістің элементтерін кез-келген пәнде қолдануға болады (мысалы, мәдениеттану, дизайн және т.б.).