Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Педагогикалық оқыту ҥрдісінде тҥрлі әдістерді қолдану



бет47/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

2. Педагогикалық оқыту ҥрдісінде тҥрлі әдістерді қолдану
Әдістердің, онымен бірге оқыту формаларының дамуы білім берудің әртүрлі элементтерін үйрену тәсілдеріне байланысты таным қызметінің сипатының ӛзгерісінен, оқытудың формалары мен құралдарының жаңаруынан туындайды.
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үрдісі, ӛмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Оқыту әдістері – оқытушы мен білім алушылардың ӛзара бірікке іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет оқытудың міндеттерін шешуге бағытталады.
Оқыту тәсілі, амалы – жалпы әдістің бӛлігі, жеке дара әрекет (әсер) ету. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, жазалау тәсілдері - ескерту, айыптау, сӛгіс; сендіру; нандыру тәсілдері - иландыру, түсіндіру, баяндамалар; мадақтау тәсілдері - мақұлдау, мақтау, сыйлық беру т.б.
Әдістердің жіктелуі – бұл анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін анық кӛріп, танып қоймай, ол әр түрлі әдістерінің ӛзіне тән белгілерін, орнын жақсы түсінеді. Кез келген әдістің жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, себебі әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес. Қазіргі кезде жіктелудің негізіне кіріктіруге бағытталу сипатты алынуда. Ол ӛзіне оқыту әдісінің мақсаттық, мазмұндық және үрдіссуалдық жақтарын бірлікте қарастырады.
Практикада үнемі тұратын міндет – әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау. Тиімді деп – қойылған мақсатқа кӛп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.
Оқыту әдісін таңдауды анықтайтын жалпы жағдайларға мыналар жатады: оқытудың мақсаттары және міндеттері, мазмұны; білім алушылардың жастық ерекшеліктері; ұжымның қалыптасқан деңгейі; білім алушылардың жекелік және тұлғалық ерекшеліктері; оқытудың жағдайы; маманнның педагогикалық шеберлігінің деңгейі; оқыту уақыты; күтілетін нәтижелер, қорытындылар.
Жаңа әдістер мен формаларды ендіру колледждер мен жоғары оқу орындарының үнемі қажеттілігі болып отыр. Соңғы оншақты жылда педагогика, психология мен әлеуметтанумен интеграциялана бастады. Жаңа оқу ӛзара әрекетінің мазмұнын бейнелейтін анықтама іздеу үрдісінде интерактивті оқыту термині пайда болды, ол шын мәнінде педагогикалық ӛзара әрекеттің мәнін, мазмұнын және құрылымын жақсартуға қабілетті. Мұндай технология педагогты даярлау үрдісінде белгілі бір қайта құруларды талап етеді. Ол студенттермен қарым-қатынаста жаңа ӛзара іс-әрекет түрін қалыптастырумен байланысты, сабақтың ӛзіндегі бағалау жүйесінің ӛзгерісіне, оқытушы, әкімшілік, студенттер тарапынан интерактивті сабақты бағалауына да әсер етеді.
Соңғы кезде белсенді оқу әдістері (интерактивті) кең тарауда, оған әлеуметтік-психологиялық тренингтер, топтық талқылау және әртүрлі ойындардың (рӛлдік, иммитациялық, т.б.) түрлері жатады. Бұл әдістің ерекшелігі оқытудың белсенді түрі, топтық сипат және кері байланыстың үздіксіздігі.
Оқытудың белсендігі бірқатар процедуралармен қамтамасыз етіледі: оқыту үрдісіне проблемалық жағдайдың қосылуы, зерттеушілік элементтері, нақты үрдістердің әртүрлі моделдерін қолдану. Белсенді оқытудың кӛптеген әдістері, әсіресе әлеуметтікпсихологиялық тренингте міндетті принципі кері байланыс саналады, бұл сабаққа қатысушыға ӛзін сырттан қаруға мүмкіндік береді, ӛз мінез-құлқын біршама адекваттыға ӛзгертуге және ӛзін жаңа ұстанымда сынауға мүмкіндік береді. Белсенді әдістерде топтық ӛзара әрекет әсері кең қолданылады.
Оқытудағы инновациялық әдістерге топтық оқытуды, даралық жұмыстың әртүрлі формаларын, бригадалық оқытудың әртүрлі формаларын, дамытушы оқыту жүйелері және т.б. енеді. Байланысты қамтамасыз етіп, ақпарат берумен шектелмейтін және ӛзгелерге белгілі бір әсер ететін, олардың мінез-құлқының, ісәрекетінің ӛзгеруін қамтамасыз ететін қарым-қатынастың қызметі ретінде интерактивтіліктің психологиялық мәнінен бастау ала отырып, біз интерактивтілікті оқу үрдісінде байланыстың интерактивтілігін ұйымдастырушы дидактикалық құралдардың белгілі бір қасиеті деп анықтаймыз.
Интерактивті және белсенді оқыту әдістерін салыстыру бұл әдістердің оқыту субъектілерінің «іс-әрекеттік тұрғысын», олардың ӛзбеттілігі мен шығармашылығын дамытуға бағытталғанын кӛрсетеді.
«Интерактив» сӛзі ағылшынның ―interact‖ сӛзінен шыққан. «Inter» - бұл ӛзарa, «act» - әрекет ету деген мағынаны береді. Кейде интерактив сӛзін кейбір әдебиеттерде интербелсенді деп жазады. Интерактивті сӛзі бұл бір нәрсемен (мысалы, компьютермен) немесе біреумен (адаммен) әңгімелесу, диалог түрінде ӛзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сондықтан интерактивті оқыту - диалогтық оқыту, оның барысында оқытушы мен студент арасында ӛзара тікелей әсер ету, қарым- қатынас жүзеге асырылады. Интерактивті оқыту түрі – кооперация мен бәсекелестік.
Интерактивтілік білім беру категориясы ретінде бір жағынан тұлғаның бағдарлы педагогика қажетсінетін және оқу мен ақпараттың ӛзара әрекетке (А.А.Бодалев, Е.Л.Мелибурд, К.Рудестам және т.б.) міндетті жағдай ретінде коммуникативті бағдарланған тұжырымдама ретінде негізделген. Екінші жағынан интерактивтіліктің қажеттілігі оқыту феноменінің мәнімен шартты (байланысты), оның міндеті мамандардың негізгі міндетті компоненті қарым-қатынас болып табылатын ӛнімді тұлғааралық ӛзара әрекетін қалыптастыруға, модельдік тәжірибесінің қалыптасуына жағдай жасау ретінде түсіндіріледі (В.П.Беспалько, И.П.Пидкасистый т.б.). Үшіншіден, «интерактивтілік» ұғымын педагогикалық анықтау субъективтік шындық ретінде қарастырылатын білім беру сүйенетін ақпарат, пәннің мәніне байланысты.
«Интерактивті ӛзара әрекет» тар мағынада бұл диалог, кең мағынада кез-келген субъектілердің олардың қолы жететін құралдар мен әдістерді қолдануымен жүретін полидиалогы. Мұндағы полидиалогта екі жақтың да белсенді қатысуы - сұрақтар мен жауаптармен алмасу, диалог барысын басқару, қабылданған шешімдерді орындауды бақылау. Оқытудың интерактивті формалары мен құралдарының бүгінгі білім беру үрдісінде қажеттігі «оқыту» феноменінің ғылыми категория және дидактикалық үрдіс ретінде болуымен байланысты.Оқытудың инновациялық технологиясы білім алушыны коммуникативтік үрдіске белсенді қатысуына даярлайды, инновациялық мәдениетке тартылуын, тұлғалық қабілетінің дамуына негізделген интерактивтік жылдамдығының дамуына кӛмектеседі. Бұл білім алушыны ақпаратты тұтас қабылдауына бағытталған, оның қабылдауын интеллектуальдық және эмоциональдық деңгейде жетілідіреді. ЖОО-ы жағдайында педагогикалық-психологиялық материалында инновациялық технологияны, интерактивті әдістерді жүзеге асыру оның тиімділігі мен гуманитарлық пән мен коммуникация құралы ретінде оқытуға сәйкестігін кӛрсетті.
Бүгінде педагогикалық оқыту үрдісінде интерактивті қарымқатынасқа негізделген жеке әдістер бар. Олар «миға шабуыл», дӛңгелек үстел, іскерлік ойын, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет