Арнайы семинар. Жоғары курстардағы семинар білім алушыларды арнайы семинарға біртіндеп даярлайды. Арнайы семинар – бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми проблема бойынша пікір алмасу мектебі болып табылады. Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты. Беделді маман жетекшілік жасайтын арнайы семинар ғылыми оқу орынының сипатына иеленеді, білім алушыларды ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа үйретеді. Семинар сабақтарында талқыланатын мәселелер:
курстың негізгі тақырыптары, оларды меңгеру кәсіби дайндықтың сапасын анықтайды;
түсіну және меңгеруде қиын болатын сұрақтар.
Оларды әрбір білім алушылардың қатысуын қамтамасыз ететін ұжымдық жұмыста талқылаған жӛн.
Семинар – қатысушылардың ӛзара әрекеттесуі және қарымқатынасы. Семинар сабақтарының формалары: а) алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әңгіме; б) білім алушылардың шағын баяндамалары, кейін оны семинарға қатысушылар талқылайды. Семинар – бұл білім алушылармен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынас орнату, педагогикалық қарым-қатынас. Семинар сабақтарында біріккен шығармашылық, біріккен іс-әрекет ұстанымы жүзеге асырылады.
Семинар сабағының дәстүрлі ұйымдастырылуы тӛмендегідей формаларда болуы мүмкін:
1. Топтық форма. Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі. Бұнда оқытушы қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды.
Кемшіліктері:
жауап беретін білім алушы жеке білімін кӛрсететін болғандықтан, бұнда қарым-қатынас жоққа жақын.
ынтымақтастық пен ӛзара кӛмек жоқ. Жауап беріп тұрған білім алушыға кӛмектесу тәртіп бұзушылық, тыйым салынған тәсіл ретінде қабылданады.
оқу әрекетіне білім алушылардың тұлғалық қатысуы жоқ.
білім алушылардың интеллектуалдық белсенділігіне кедергі келтіреді.
оқытушы мен білім алушы арасындағы қашықтық қарымқатынасқа, ӛзара әрекеттесуге тосқауыл болып табылады.
білім алушыларға үндемей отыру, семинарға қатыспай басқа жұмыспен айналысу мүмкіндігі беріледі.
Семинарды ұйымдастырудың мұндай формасы білім алушыларды енжар позицияға қояды, олардың сӛйлеу белсенділігі барынша тӛмен дәрежеде болады. Кәсіби қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, ӛндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттілігін қанағаттандырмайды.
Тиімді форманы іздестіру нәтижесінде «дӛңгелек үстел» принципіне негізделген семинар сабағының ұжымдық формасына әкелді:
Дӛңгелек ҥстел. Бұл форма қазіргі ӛндірістегі кәсіби қарымқатынастың ерекшеліктерін кӛрсетеді. Бұндай семинарда ынтымақтастықпен жұмыстану және ӛзара кӛмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дӛңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толлық сақталады.
Пікірталас-семинар – курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасы. Талқылауға курстың ең ӛзекті деген мәселелері шығарылады. Пікірталаста әрбір қатысушы баяндамасында ӛз пікірін нақты білдіруі, қорғауы, дәйекті түрде қарсы шығуы, қате пікірді жоққа шығара білуі тиіс. Нәтижелі пікірталас болуы үшін білім алушылардың дәріс және ӛздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет.
Білім алушыларды қарым-қатынас және ӛзара әрекеттесу мәдениетіне үйрету ӛте маңызды. Пікірталас-семинардың бӛлігі ретінде «миға шабуыл», «іскерлік ойын» әдістерінің элементтерін қолдануға болады. Бірінші жағдайда семинарға қатысушылар мүмкіндігінше кӛп идеяларды ешқандай сынсыз ұсынады, содан кейін оның ішінен ең маңыздылары таңдалып, талқыланады, шешіледі. Екінші әдісте семинар рольдік құралдар кӛмегімен ұйымдастырылады. Бұнда материалдың мазмұнына байланысты жүргізуші, қарсылас, сыншы, логик, психолог, сарапшы және т.б. рольдерді ажыратуға болады.
Пікірталас-семинарды жүргізуші пікрталасқа жетекшілік жасайды, уақытты бақылайды, айтылатын баяндамалардың дәйектілігін, орындылығын тексеріп отырады.
Қарсылас немесе сыншы оппозиция ролін атқарады, яғни баяндамашы позициясының осал, таласты тұстарын немесе қателерін тауып, проблеманы шешудің басқа жолдарын ұсынады.
Логик баяндамашы және қарсыластың сӛздерінен қарамақайшылықтар мен логикалық қателерді анықтайды, ұғымдарды нақтылайды, талдайды.
Психолог талқылаудың нәтижелілігін, әдептілігін талқылайды, диалогережелерінің сақталуын бақылайды.
Сарапшы пікірталастың нәтижелілігін бағалайды, қатысушылардың қарым-қатынастарына сипаттама береді, пікірталасқа қатысушылардың қосқан жеке үлестері жӛнінде пікір айтады.
Пікірталас-семинарда оқытушының ролі ерекше:
1. Талқыланатын проблемалар мен сұрақтар аясын белгілеу. 2. Семинар тақырыбы бойынша баяндамашылар мен қатысушыларға арналған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін жасау.
Білім алушылардың ұжымдық жұмысқа қатысу формаларын және функцияларын белгілеу.
Білім алушыларды таңдап алған рольдеріне даярлау.
Семинар жұмысын басқару.
Пікірталасты жалпы қорытындылау.
Семинар сабақтарының ерекше формасы бар: әдетте, арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылатын зерттеу-семинары. Зерттеу-семинарының басында білім алушылар оқытушының ұсынысымен 7-9 адамнан тұратын шағын топтар құрайды. Шағын топтар сабақтың тақырыбы бойынша проблемалық сұрақтар тізімін жасалады. 5-15 минут ішінде білім алушылар пікір алмасады, сӛз сӛйлеуге даярланады. Топша баяндама білім алушыны белгілейді. Басқа білім алушылар оқытушы не басқа топтың білім алушылары қоятын сұрақтарға жауап береді. Сабақтың соңында оқытушы қорытынды жасап, білім алушылардың жұмысын бағалайды.
Семинар сабағын бағалау ӛлшемдері: Мақсатқа бағытталуы: проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру.
Жоспарлау: кәсіби пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы.
Семинарды ҧйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны ӛрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының ӛз ісәрекеті.
Семинарды ӛткізу стилі: қызу пікірталас тудыратын ұтымды сұрақтар қою, ойды да, қызығушылықты да оятпайтын пікірталас.
«Білім алушы-оқытушы» қарым-қатынастары: құрметпен қарайды, талап қоятындай, бейтарап.
Топты басқару: Білім алушылармен байланысты тез орнатуы, топта ӛзін сенімді ұстауы, білім алушылармен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, ӛктем дауыс, жұмыста кӛшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.
Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды.
Білім алушылардың семинарда жазып алуы: күнделікті, сирек, жазбайды.