Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет57/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

5. Педагогикалық практика
Алынған теориялық білімді терең меңгеруде, білік пен дағдыны қалыптастыруда, теория мен практиканың байланысын жүзеге асыруда, білімді бекітуде педагогикалық практиканың орыны ерекше. Практика – қоғам дамуын қамтамасыз ететін адамдар ісәрекеті. Педагогикалық практика педагогтің кәсіби дайындық жүйесінде маңызды қызметтерді орындайды:

  • білімділік (теориялық білімді ӛзектілеу, тереңдету және кеңейту, нақты педагогикалық міндеттерді шешуде оларды қолдана білу, педагогикалық білік пен дағдыны қалыптастыру);

  • дамытушылық (болашақ педагогтің танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ойлауды дамыту);

  • тәрбиелеушілік (педагогтің әлеуметтік-белсенді тұлғасын, педагог мамандығына тұрақты қызығушылығын, сүйіспеншілігін қалыптастыру);

  • диагностикалық (болашақ педагогтің кәсіби бағытталу деңгейін тексеру, кәсіби дайындық деңгейін және педагогикалық қызметке жарамдылығын тексеру).

Білім алушылардың педагогикалық практикасы оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орынға ие. Оның тӛменгі курстардан жоғарғы курстарға қарай мазмұнының күрделенуіне сәйкес, болашақ педагогтің теориялық және практикалық дайындығын байланыстырушы болып табылады.
«Педагогика және психология» мамандығы бойынша тӛмендегідей практика жоспарланған:
1 курстағы педагогикалық практика «Кәсіби іс-әрекетке кіріспе» деп аталады. Оның мақсаты мен міндеттері: студенттердің кәсіби бағытталуын дамыту, кәсіби педагогикалық, психологиялық мәдениетін қалыптастыру;
Педагогикалық практиканың іс-әрекет мазмҧны: білім беру орнымен танысу:директордың, директордың оқу және тәрбие ісі жӛніндегі орынбасарының, сынып жетекші қызметімен, олардың жұмыс жүйесі, оқу орынытің оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауымен танысу; педагогикалық үрдістің психологиялық негізімен және білім алушылардың тұлғааралық қарым-қатынасы мен ұжымдық бақылау; жеке және ұжымдық бақылаудың психологиялық негізі Педагогикалық практика барысы бойынша қалыптасатын білім, іскерлік, дағды: оқу орынытің негізгі жұмыс бағыттары мен міндеттерімен танысу; оқу орынытің педагогикалық үрдісінің заңдылықтарын айқындау; педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы педагог рӛлін анықтау; оқу орыны психологінің кәсіби қызметімен танысу; бастауыш оқу орыны жасындағы білім алушылардың танымдық үрдістерінің дамуын бақылау; білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бақылау.
Педагогикалық практиканы ҧйымдастыру принциптері: теория мен практиканың байланысы, практиканың кешендік сипаты, қазіргі оқу орыныте білім берудің талаптарына сәйкестігі.
Практика бойынша есепті даярлау мен қорғау уақыты. Оқу орыны педагогикалық практиканың нәтижесін қорытындылау, университетте қорытынды конференциясын ӛткізу. Практикка аяқталғаннан кейін 1 апта қорғау уақыты беріледі. Практика құжаттарын тексеру, құжаттар бойынша бағалауды әдіскерлер жүргізеді.
Практика бойынша бағалау: практика құжаттарын уақытында және сапалы тапсыру, білім алушыларға педагогикалықпсихологиялық мінездеме беру
Студенттердің есеп қҧжаттары: күнделік, тәрбие жұмыс жоспары, бастауыш класс білім алушыларына педагогикалықпсихологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет