Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет66/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Икемділік принципі модульдік бағдарламаның, соған байланысты модульдің құрылымы оқу мазмұнынын игеру мүмкіндігі жеңіл болатындай етіп құрылуын және білім алушылардыңжеке қажеттіліктеріне байланысты игерілуін қамтамасыз етеді. Икемділік принципінің орындалуы мынадай педагогикалық ережелерді талап етеді:

  • оқу мазмұнының индивидуализациясы білімнің алдын – ала диагностикалануын қажет етеді;

  • ол қорытындысы нақты модульдің индивидуалды құрылымын құратындай етіп ұйымдастырылуы керек;

  • оқу мазмұнын индивидуализациялау үшін білім алушылар жағынан оқытудың қажеттілік анализі жасалуы керек;

  • осы мақсатта оның құрылуының оқытудың базалық әзірлігі мен жеке мақсатын қоса кешенді критерийлерін қолдануға болады;

  • индивидуалды игеру темпі сақталу керек;

  • модульдің методикалық жағы оқыту технологиясының индивидуализациялануын қамтамасыз ету керек;

  • оқуда нақты мақсатқа жеткеннен кейін индивидулды бақылау және ӛзін реттеп отыру қажет.

Саналы перспектива принципі білім алушылардың оқуын жақын, орташа, алыс стимулдарын терең түсіне білуін қажет етеді. Білім алушының ӛзбеттілік және педагогтың басқару жағының арасындағы байланыстың оптималды ӛлшемін таба білу керке. Әрекетті ӛте қатал басқару білім алушының инициативасынан айырады, ӛз бетімен оқудың рӛлін тӛмендетеді.
Егер білім алушының ӛзін басқару мүмкіндіктерін қолдансақ, оларға оқудың мақсатын анық және саналы түсіндіру керек. Модульдік оқытуда олар іс-әрекет нәтижесінің маңызды сапасы ретінде болғандықтан, білім алушылар танымдық және практикалық әрекеттің перспективасы ретінде санауы керек.
Модульдік оқыту процесінде саналы перспектива принципінің орындалуы үшін мынадай педагогикалық ережелер сақталу керек: әрбір білім алушы бірінші барлық белгілі этапқа (курс, жыл немесе барлық кезеңге ) бӛлінген модульдік бағдарламаны білу керек;

  • онда кешенді дидактикалық мақсат кӛрсетілуі керек, оны білім алушы ӛзіне керекті және күтетін қорытынды ретінде саналы түсінуі керек;

  • оған мақсатқа жету үшін қажет оқу бағдарламасы кіреді, ал білім алушыға алыс, жақын, орташа перспективаларға жетуге нұсқаушы болады;

  • әрбір модульдің басына міндетті түрде әрекет қорытындысының сапасы ретінде оқудың интеграциялық мақсатын сипаттау керке;

  • әрбір элементтің басына оқудың жеке мақсаттарын кӛрсетіп кету керек.

Методикалық кеңес берудің әр тҥрлілік принципі оқытушының танымдық әрекетінде және педагогикалық әрекетте кәсібишіліктің болуын талап етеді. Оқудың тиімділігіне кӛптеген факторлар әсер етеді, әсіресе білім алушылардың мүмкіндігіне оқудың мазмұнының сәйкес келуі. Бірақ та оқу үрдісінде осы жағдайды сақтағанның ӛзінде кӛптеген қиындықтар туындайды, соның ішінде, білім алушылардың материалды игерудің оптималды жолдарын таңдай алмауы, ӛзі танып-білуге дағдыларының жетіспеуі, оқытудың барлық әдістерін қолдана білмеуі немесе нақты жағдайға үйлесімді таңдай алмауы.
Бұл принциптің орындалуын, проблеманы шешу жолдарын мына педагогикалық ережелер ашады:

  • оқу материалын, ақпаратты ұғынуды жеңілдететін жеке түсіндірмелі әдістерді қолданатын модуль деп ұғыну керек;

  • оқу мазмұнын ұғыну жолдары мен әр түрлі әдістер ұсынылу керек, оны білім алушылар тәуелсіз немесе қандай да бір тәжірибеге сүйене отырып таңдау керек, сӛйтіп ӛзіндік оригинал оқу әдісін жасай алады;

  • оқыту үрдісін ұйымдастыру жӛнінде педагогтың әдістемелік кеңесін жасау керек. Альтернативалық шешім ретінде әр түрлі әдістер мен оқытудың ұйымдастырушылық нұсқасы бола алады, педагог – эксперттердің пікірінше, нақты мазмұнды игеруге біршама жарамды дейді;

педагог ұсынылған әдістер мен оқытудың
ұйымдастырылған нұсқаларының қайсысымен жұмыс істейтінін ӛзі таңдайды;

  • егер оқытушы ӛзі модуль құратын болса, оның құрамына қолданып жүрген оқыту әдістерін кірістіру керек, ӛйткені бұл эквивалентті курстар мен сабақтар жүргізетін педагогтар арасындағы тәжірибе алмасу жағдайын туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет