Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет65/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Модульділік принципі оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру формасы мен әдісін бейнелейді. Бұл принципке байланысты оқыту жеке функционалдық байланыстардан құрылады, дидактикалық мақсаттарға жетуді кӛздейтін модульдерден тұрады. Бұл принциптің орындалуы үшін мынадай педагогикалық ережелер сақталу керек:

  • оқу материалын қойылатын дидактикалық мақсатқа әрбір білім алушы жете алатындай құру керек;

  • ол жеке модульден құралған кешенді дидактикалық мақсатқа сәйкес оқу мазмұнынан құралу керек;

  • оқу материалына сәйкес кӛзделген мақсатқа бағына отырып, әр түрлі оқу формаларымен интеграциялануы керек.

Оқытудың негізгі элементтердің бӛліп кӛрсету принципі оқу материалын интеграциялық дидактикалық мақсаттарды шешуге бағытталған біртұтас модуль ретінде қарайды, яғни модульдің ӛзінің құрылымы бар. Бұл принцип программалық оқытудағы оқу материалын бӛлшектерге (порция, саты) принциптерімен ұқсас, дегенмен айырмашылықтары да бар. Программалық оқытудағы материалдарды кішкентай бӛлшектерге бӛледі, олар ӛзара байланысты, біртіндеп сатылап қиындайды. Ал модульдік оқытуда оқу мазмұнындағы кішкентай бірліктер дидактикалық мақсатқа жауап беретін курстағы нақты тақырып немесе тақырыптың фрагменті болып саналады, оны модульдің элементі деп атайды.
Оқытудың негізгі элементтерін бӛліп кӛрсету принципіне байланысты мынадай педагогикалық ережелерді ұстану қажет:

  • интеграциялық дидактикалық мақсатта жеке мақсат құрылымдарын кӛрсету керек;

  • оқу материалының әрбір элементін толық жетілдіріп отыру керек;

  • әрбір жеке мақсаттың бірлігі интеграциялық дидактикалық мақсатты құрап бір модуль болу керек.

Динамикалық принципі әлеуметтік тапсырысқа байланысты модульдің мазмұнын еркін ӛзгерте алумен сипатталады. ҒТП-тің жоғарғы темппен ӛсуі әлеуметтік және жалпы техникалық білімнің тез ескіруіне әкеліп отыр және кей уақытта жалпы ғылыми білімнің құндылығын қайтадан қарастыруға итермелейді. Барлық білім сатыларына тән инерттілік білім беру мен қоғамдық ӛмірдің жағдайларының арасындағы айырмашылықтардың бір себебі болып отыр.
Оқу материалы әрқашан, тіпті жыл сайын деуге болады, қайтадан ӛңделіп, жаңартылып отырылуы керек. Қиын жағдайдан шығудың бір жолы: оқу материалының құрылымы бір-біріне тәуелсіз бӛлімдерден тұру керек, ӛйткені оқу материалын ӛзгерткенде әрбір бӛлімді ӛзгертіп, толықтырып, дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу материалының тұрақты және ӛзгермелі мазмұнының қарама-қайшылығын шешу динамикалық принцип бойынша жүзеге асады. Оның педагогикалық ережелерін қарастырайық:

  • әрбір элементтің, яғни модульдің мазмұны оңай ӛзгертілуі және толықтырылуы мүмкін;

  • әр түрлі модульдердің элементтерін құрастыра отырып, жаңа модуль шығаруға болады;

  • модульдің формасы, оның элемнттерін оңай ӛзгертуге болатындай формада болуы тиіс.

Білімнің және оның жҥйесінің оперативтілік және әрекеттілік принципі. Білім беру саласында білім алушыларда әрекеттік білімнің қалыптасу мәселесі пайда болады, ол мамандардаың кәсіби дацындығына теріс әсер етіп отыр. Бұл жағдайдан шығу жолы – тек іс-әрекет түрлеріне емес, сонымен қатар әрекеттің тәсілдерін де үйрету керек. Іс-әрекетік тұрғы модульдік оқытуға ӛте қажет, бірақ оның шектілігі сол, ол оқыту процесінде шығармашылық жағынан дамуды талап етеді.
Оперативті білім білім алушы тапсырманы орындау кезінде инициатива, тапқырлық кӛрсете білген, әр түрлі жағдайда ӛз білімін қолдана білген жағдайда табысты болады. Әрекеттік және оперативтік білімнің жүйесін тек іскерлікпенбіріктіріп қарастыруға болады. Мұнда жалпы ғылыми, техникалық және арнайы білім мен іскерлік жүйесін айтуға болады, оны білім алушы практикалық іс - әреектте ӛзі және тәуелсіз қолдана алады.
Әрекеттік және оперативті білімдер және оның жүйелілік принципін орындау үшін мынадай педагогикалық ережелерге сүйенеді:

  • модуль және әрекет тәсілдерінде оқыту мақсаттары әрекеттің әдістер терминінде ақыл-ой немесе практиаклық түрде қалыптастырылуы керек;

  • алға қойған мақсатты орындау үшін модульдің мазмұны логикалық ойлау және практикалық әрекет жағынан пәндік және пәнаралық құрылымда болуы мүмкін;

оқыту жаңа білімді игеруде проблема негізінде ұйымдастырылуы керек, ӛйткені осындай жағдайда оқуға деген шығармашылық қалыптасады;

  • білімнің бір әрекеттен екінші әрекетке кӛшу мүмкіндігін анық кӛрсету керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет