Педагогикалық қызметтің компоненттеріне сипаттама Тӛмендегі сӛйлемдерді аяқтаңыз:. Педагогикалық қызметтің құрылымдық компоненттері:
қызметтің мақсаты…
қызметтің субъектісі (мұғалім)…
қызметтің объектісі және субъектісі (оқушы)…
қызметтің мазмұны… қызметтің әдістері…
қызметтің нәтижесі…
Педагогикалық қызметтің мақсаты – тұлғаны жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу.
Педагогикалық қызметтің мазмұны – оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі.
Педагогикалық қызметтің құралдары – ғылыми білім, оқулықтар мен оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және техникалық құралдар.
Педагогикалық қызметтің әдістері – сӛздік, кӛрнекілік, тәжірибелік әдістер тобы.
Педагогикалық қызметтің нәтижесі – оқушы тұлғасының интеллектуалдық, дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.
Лектордың сӛзі:
Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, А.Н.Щербаков мұғалім қызметінің тӛмендегідей функцияларын белгілейді (Слайд 2):
Диагностикалық – оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, даму деңгейін, тәрбиелік дәрежесін зерттеу.
Болжаушы – тәрбиелік іс-әрекеттің мақсаты, міндеттері, бағыты, нәтижесі және жоспарының белгіленуі.
Құрылымдық-жобалау – жоспардың мазмұныны, мүмкін болатын нәтижесін жоболау, құру.
Ұйымдастыру – оқушыларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу, олардың белсенділігн арттыру және ынталандыру.
Ақпаратты-түсіндірмелі – оқу материалдарын түрлі жолдармен ұсыну, оқушылардың дүниетанымдық кӛзқарастарын қалыптастыру.
Коммуникативті- ынталандыру – мұғалімнің жеке бас ерекшеліктері, адамгершілік мәдениеті, рухани байлығы және қарым-қатынас орната білуі.
Талдау-бағалау – оқу-тәрбие үрдісінің барысын талдау, нәтижесіне баға беру, кемшіліктері мен ауытқушылықтарын анықтау, түзету, жою.
Зерттеу-шығармашылық – оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әдістәсілдерді қолдана білуі, белгілі педагогикалық мәселені зерттеумен айналасуы, оның шығармашылық қасиеттерінің дамытылуы.