Кредиттік білім беру нәтижесіне сәйкес студент
моделі
Ассоциация:(толықтырыңыз)
Дәріс тақырыбы: «Педагогикалық әрекет құрылымы»
Мақсаты: педагогикалық қызметтің компоненттерін белгілеу, олардың ӛзара байланысын ашу. Жоспар. Педагогикалық кызметтің компоненттері (Н.В.Кузьмина).
Педагогтың функциялары.
Профессиограмма.
Дәріс барысында педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен мақсатын ашу, оның тҥрлерімен таныстыру кӛзделеді. Педагогикалық қызмет – әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.
Бұл қызметті педагогтармен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, ӛнеркәсіп басшылары, ӛндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары да атқарады. Бірақ педагогтар бұнда кәсіби қызмет тақарса, қалғандары – жалпыпедагогикалық қызметке ие. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында жүргізіледі: мектепке дейінгі орындар, мектеп, кәсіби-техникалық училищелер, арнайы орта және жоғары оқу орындары, қосымша білім беру, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орындары.
Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін студенттер оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет, нәтиженің бірлігінен тұрады.
Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты - оқушылардың тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс. Әлеуметтік даму бағыттарын белгілейтін кӛрініс ретінде мақсат адамның рухани және табиғи мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оған белгілі талаптар жиынтығын қояды. Онда, бір жағынан, әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қабілеттері жинақталған.
Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілер әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін белгілейді. Педагогикалық қызмет мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеуші ұжымды тудыру, тұлғаның даралығын дамыту сынды міндеттерін шешумен байланысты.
Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері анықталатын негізгі функциональды бірлік ретінде педагогикалық іс-әрекет танылған. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен, танымдық міндет формасында кӛрінеді. Ӛзіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде ӛз іс-әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндет психологиялық тұрғыдан ӛз шешімін тауып, тәжірибелік ӛзгертуші қимылға айналады. Осылайша, мұғалімнің іс-әрекеті – бұл түрлі деңгейдегі міндеттерді шешу процесі.
Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі – олардың шешімін табуда.
Педагогикалық іс-әрекеттің обьектісі - адам, оның ақыл-ойы, еркі, сезімдері. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
Адам - тірі табиғат бӛлігі. Оның қайталанбас жеке қасиеттері, қоғамда болып жатқан ӛзгерістерге ӛзіндік түсінушілігі бар белсенді обьект.
Мұғалім әрдайым ӛзгеріп отыратын жеке адаммен жұмыс жасайды.
Мұғаліммен бірге жеке адамдарға бүкіл қоршаған орта әсер етеді. Педагогикалық қызмет осы әсерлерді дұрыс бағыттауы тиіс.
Педагог студенттерге Венн диаграммасы арқылы педагогикалық қызметтің екі тҥрі, яғни оқыту және тәрбиелеу қызметтерінің ерекшелігіне талдау жасай білуге ҥйретеді.