Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Оқытудың принциптері мен ережелері



бет126/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

4. Оқытудың принциптері мен ережелері:
Саналылық және белсенділік принципінің негізіне ғылым орнатқан заңдылықты жағдайлар жатыр: білім алудың мәні терең және дербес ұғынылған білімдер құрайды, олар ӛз ойын қарқынды жұмыс істеу жолымен игеріледі.
Кӛрнекілік принцип негізінде мынадай ғылыми заңдылықтар жатыр: адамдардың басым кӛпшілігінде кӛру органдары ең үлкен сезімділікке ие, кӛру органынан миға түсетін ақпарат кодировканы қайта жасауды талап етпейді, ол оқушының есінде жеңіл, тез және берік орын алады.
Жҥйелілік және бірізділік принципі мынадай ғылыми жағдайларға негізделеді: оқушының миында қоршаған дүниенің анық суреті бейнеленгенде ғана ол нағыз және іскер білімге ие болады.
Ғылымилық принципінде мына заңдылық бекітілген: білім беру мазмұнын меңгеру және оқушылардың танымдық күшін дамыту – оқыту процесінің екі ӛзара байланысты жақтары; оқу материалын меңгерудің беріктігі тек қана объективті факторға емес, сонымен бірге субъективті факторға да тәуелді; білімді меңгерудің беріктігі оқытуды ұйымдастырумен, әр түрлі формалар мен әдістерді қолданумен, оқытудың уақытымен шартталады; оқушылардың еске сақтауы таңдаушылық сипатта болады.
Шамаға лайықтылық принципі оқытудың кӛп ғасырлық практикасы жасаған талаптардан шығады: оқушылардың жастық даму заңдылықтары және оқушылардың даму деңгейіне сәйкесті дидактикалық процесті жүзеге асыру. Я.А.Коменский шамаға лайықтылық принципін жүзеге асыруға арналған ережелерді анықтады: жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге, оңайдан күрделіге.
Ғылымилық принципі оқушыларға ғылым орнатқан білімдерді меңгертуді талап етеді.
Теория мен практиканың байланысы принципінің негізіне философияның мынадай басты қағидасы жатқызылған: ӛмір, практика – шындықтың ӛлшемі, танымдық іс-әрекеттің қайнар кӛзі.
Оқыту принципінің талаптары ережелер жүйесі арқылы жүзеге асады. Ереже – бұл нақты жағдайда белгілі бір мақсатты орындаудағы педагогикалық іс-әрекетті суреттеу. Кӛбінесе оқытудың ережесі деп қандай да бір принципті қолданудың жекелеген жақтарын ашатын басшылықтық жағдайларды түсінеді.
Оқытудың ережесі теориядан практикаға кӛшу буыны болады. Ереже мұғалімге қандай да бір жағдайда белгілі бір әрекеттерді орындауды тапсырады, оны талаптарды орындауға бағыттайды.
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС
4. Жаттығу «Ертегі»
Жаңа сабақты қорытындылау үшін жалпы топ студенттеріне «Принциптер мен заңдылықтар патшалығы» ертегісін құру тапсырылады. Әр студен бір-бір сӛйлем құру арқылы ертегінің желісі құрылады.
Бақылау сҧрақтары:

  1. Оқыту процесінің заңдылықтарына түсінік және оларға сипаттама бер.

  2. Оқытудың заңдылықтарын ата.

  3. Оқытудың жеке заңдылықтарын ата.

  4. Оқыту принциптері дегеніміз не?

  5. Я.А. Каменский, К.Д. Ушинский оқыту принциптерін қалай қарастырды?

  6. Табиғатқа сәйкестілік принципінің мәні.

  7. Саналылық және белсенділік принципінің мәні неде?

  8. Кӛрнекілік принципінің принципінің мәні неде?

  9. Ғылымилық принципінің мәні неде?

  10. Жүйелілік және бірізділік принципінің мәні неде?

  11. Теорияның практикамен байланыс принципінің мәні неде?

  12. Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципінің мәні неде?

Әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Ильин Е. Рождение урока. М., 1986.

  3. Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.

  4. Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев.

1989.

  1. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

  2. Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.

  3. Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. М., 1987.

  4. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.

  5. Куписевич Ч. Основы общей дидактики. М.,1986.

  6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.

11.Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М.,1981.
12.Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.
Ӛзіндік жҧмыстар ҥшін тапсырмалар 1) Оқыту прициптерінің ӛмірде жүзеге асырылуын кӛрсет.

  1. Жалпы заңдылықтарға мысалдар келтір.

  2. Нақты заңдылықтарға мысалдар келтір.

  3. Қазіргі дидактиканың ұсынатын заңдылықтарын кесте түрінде кӛрсет.

  4. Оқыту принциптерін жүзеге асыру ережелерін кӛрсет және оған мысалдар келтір.

Реферат тақырыптары

  1. Оқытуда оқушылардың дербес ерекшелігін есепке алу принципі.

  2. Бастауыш мектепте оқыту принциптерін қолдану.

  3. Я.А.Каменский бойынша оқыту заңдылықтары.

  4. Ф.А.В.Дистервег бойынша оқыту заңдылықтары.

  5. Э.Торндайк бойынша оқыту заңдылықтары.

  6. Э.Мэйман бойынша оқыту заңдылықтары.

  7. Білім, біліктілік , дағдыларды игеруде беріктік принципі.

  8. Оқыту принциптерін жүзеге асыру жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет